Categories: Саясат

Путин енді Ресейдің ыдырауы туралы айта бастады

Путин: Ресей ыдыраса, орыс жоқ болуы мүмкін!

«Егер Батыстың дегені болып, Ресей ыдырайтын болса, орыс халқы аман қалмауы мүмкін. Московиттер, уралдықтар т.б. боп бөлінеді», — дейді Ресей президенті Владимир Путин. Ол бұл пікірді «Россия-1» арнасындағы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасында айтқан, деп жазыпты Нұргелді Әбдіғани.

«Егер біз осы жолмен кетсек (Ресейдің ыдырауын айтады), онда көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болады. Ол жағдайда барлығы өзгереді. Тіпті, орыс деген халықтың аман сақталуы екіталай. Московиттер немесе уралдықтар болуы мүмкін. Ал біртұтас халық ретінде аман қалмайды», — дейді Путин.

Ресей президенті: «Әлем жұрты, әсіресе АҚШ пен Батыс Ресейге жаулық көзқараста. Олар Ресейді ыдыратқысы келеді», — деген ескі риторикасын тағы қайталапты.

«Ресейді ыдырату жоспары қағазға түсірілген. Батыстың түпкі мақсаты осы. Мен мемлекетаралық қарым-қатынастарды, өзара серіктестікті барынша бейбіт қалыптастыруға тырыстым. Бірақ, жоспардың аты жоспар. Совет одағының ыдырауынан кейін әлемді өздеріне икемдеп алғысы келген Батыстың әрекетінің ақыры осы жағдайға әкеліп соқтырды. Біз реакция көрсетуге мәжбүр болдық», — дейді.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago