Путин Кабаевасына Ресейдегі ең үлкен пәтерді әперген екен

Ресей президенті Владимир Путин Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға Ресейдегі ең үлкен пәтерді сатып алып берген. Ақша Путиннің Кипрдегі  Ermira офшоры арқылы төленген. Бұл «Проект» зерттеу жобасында айтылады. 

2600 шаршы метрлік пәтер Сочидегі «Королевский парк» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Онда бассейн, кинотеатр, патио және тікұшақ қонатын арнайы орны бар. Пентхаустың дизайнын Валентин Юдашкин жасаған. 2021 жылы ЦИАН бұл пентхаусты «Ресейдегі ең үлкен пәтер» деп атаған.

«Проект» мәліметінше, 2011 жылы пентхаус Олег Рудновтың атына жазылған. Бағасы 90 млн рубль болған.

Зерттеу материалында Рудновтың бұл пәтерді Кабаеваға арнап сатып алып бергені жазылған. Бұдан бөлек пентхаустың үстіндегі екі пәтер Кабаеваның әжесі Анна Зацепилинаның атына жазылған екен.

Бұдан бөлек Путиннің Валдайдағы резиденциясынан 800 метр қашықтықтан 1200 шаршы метрлік зәулім үй салынған. Бұл үй Путиннің досы Юрий Ковальчуктың атына жазылған екен. Дереккөз бұл үйдің де Кабаеваға арнап салынғанын айтады.

Зерттеу мәліметінше, Алина Кабаеваның барлық пәтерінің жалпы бағасы 120 млн доллар болады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

10 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago