Путин соғыста жеңемін деп, өзіне өлім жазасын тілеп алды – Шораев

Осы шабуыл арқылы Путин өзіне өлім жазасын тілеп алды. Ресейдің ыдырауына әрі кетсе 5-ақ жыл қалды. Бұл пікірді белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер Арман Шораев Украинаның «FREEDOM» халықаралық телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Басқыншылықтың бірінші күнінен бастап-ақ қазақстандықтардың 80 пайызы Украинаны қолдайтынын айта аламын. Украина үшін алаңдаймыз. Мен көптеген қазақтар сияқты Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын Қазақстанға жасалған шабуыл деп қабылдадым. Алғашқы айларда біз Украина уақытымен өмір сүрдік және күні бүгінге дейін телеграм-арналардағы ақпаратты өз бақылауымызда ұстауды жалғастырып келеміз. Біз Украинаның Қарулы Күштерінің басқыншыларды жойып, тікұшақтар мен танктерді құлатқанын көріп қуанамыз. Шындық осы,

дейді Арман Шораев.

Қоғам белсендісінің айтуынша, Ресейдің ыдырауына 5-ақ жыл қалды.

Украина жеңетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Агрессияның алғашқы күндері-ақ осы шабуыл арқылы Путин өзіне өлім жазасын тілеп алды. Ол өлім жазасына тек өзін ғана емес, Ресей Федерациясын да қиды. Бұрындары РФ-ның ыдырауына 10-15 жыл бар деп ойласам, дәл қазіргі жағдайда әрі кетсе 5-ақ жыл қалды,  

дейді қоғам белсендісі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago