Саясат

Путин Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы дос болып кеткенімізді, жақын қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз бір уақыттың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.

Үнемі байланыстамыз, әртүрлі форматтарда кездесеміз — екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша да. Мұндай байланыстар Ресей-Қазақстан ара-қатынасының деңгейін толық көрсетеді.

Ең бастысы, біздің халықтарымыз әрқашан тату көрші және шынайы дос болған және болып қала береді. Сенім, өзара түсіністік пен көпқырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрлерін нығайта отырып, біз басқаларға үлгі болатын мемлекетаралық байланыстың озық үлгісін сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сондықтан әлемде қандай жағдай болса да, мен одақтастық қарым-қатынастарымыз бен интеграциялық әріптестігіміздің болашағына сеніммен қараймын,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago