Categories: Саясат

Путин Украинадағы соғысты уақытша тоқтатты

Владимир Путин қаңтардың 6-сы мен 7-сі күндері Украинадағы жауынгерлік байланыс желісінде атысты тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында хабарланды. Айта кетейік, бұл күндері православиелік Рождество тойланады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әулие Патриарх Кириллдің үндеуін ескере отырып, Ресей Федерациясының Қорғаныс министріне 2023 жылдың 6 қаңтарында сағат 12:00-ден 2023 жылдың 7 қаңтарында сағат 24:00-ге дейін Украинадағы тараптардың бүкіл әскери байланыс желісі бойынша атысты тоқтату режимін енгізуді тапсырамын,

делінген Ресей президентінің жарлығында.

Православие дінін ұстанатын көптеген азаматтардың соғыс аймақтарында тұратындығына сүйене отырып, Кремль украиналық тарапты атысты тоқтату режимін жариялауға және оларға Рождество қарсаңында, сондай-ақ Мәсіхтің туған күнінде қызметтерге баруға мүмкіндік беруге шақырды.

Бұл ретте Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-дегі ресми парақшасында ресейлік тараптың бастамасына қатысты пікір білдірді.

Біріншіден, Украина Ресей Федерациясы сияқты бөтен территорияға шабуыл жасамайды және бейбіт тұрғындарды өлтірмейді. Украина өз аумағында тек оккупациялаушы армияның әскери қызметкерлерін ғана жояды. Екіншіден, Ресей Федерациясы басып алынған аумақтардан кетуі керек – сонда ғана ол «уақытша бітімге» ие болады. Екіжүзділікті өзіңізде сақтаңыз,

деп жазды ол.

Сонымен қатар, Подоляк Орыс Православие Шіркеуінің Рождество мерекесіне арналған бітімге келу туралы ұсынысын «арсыз тұзақ және үгіт-насихат элементі» деп атады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago