Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан мұнайының 80 пайызға жуығы тасымалданатын Каспий құбыр консорциумы тағы да жұмысын тоқтатты.
КҚК өкілдері мұның «жоспарлы үзіліс» екенін айтқан. Ал ҚР Энергетика министрлігі тарапынан қандайда бір түсініктеме берілмеген.
Каспий консорциумы Қазақстан үшін мұнай экспорттаудың басты маршруты саналады. Еліміздің мұнайының 80%-ы осы бағыт арқылы жөнелтіледі. Бұл құбыр жылына 67 млн тонна мұнай жеткізуге қабілетті. Құбыр жұмысының тіпті, бір күндік жұмысының өзі Қазақстан экономикасына орасан соққы деген сөз.
Соңғы жылдары Ресейдің көршілеріне саяси бопсасы мен қысымы тоқтар емес. Керісінше «не бізбенсің, не бізге қарсысың» позициясы күшейе түсті. Бейтараптық Мәскеудің пікірінше енді қарама-қайшылық не қарсыласты жақтау болып саналмақ. Оның басты дәлелі: 2022 жылдың өзінде Ресей себепті-себепсіз КҚК арқылы қазақ мұнайын тасымалдауды 4 мәрте тоқтатқан. Әр жолы әртүрлі сылтау айтты. Ал шын мәнісінде бұл Ресей билігінің Қазақстанға жасаған қысымы еді.
Осыдан соң, Қазақстан билігі мұнай шикізатын экспорттаудың балама бағыттарын іздей бастады. Және тапты. Ол: Каспий теңізінің арғы бетіндегі Әзербайжан елі еді. Әзербайжан Баку-Тблиси-Жейхан, Баку-Супса бағыттарын ұсынды. Сөйтіп, екіарада келіссөздер жасалды. Қазақ мұнайы Баку-Тблиси-Жейхан бағытына қарай ағызыла бастады.
Ал 10 сәуір күні Астанаға арнайы келген Әзербайжан президентінің ресми сапары да екіарадағы мұнай тасымалдау туралы келіссөздерді күшейте түсті.
Осы кезде Ресейлік БАҚ: «Қазақтар мұнайын Әзербайжан арқылы саудаламақ», — деп дабыл қаға сөйлеп жатты.
Экономикасы шикізатқа тәуелді Қазақстан мұнайының 80 пайызы Ресейлік осы құбыр желісі арқылы халықаралық нарыққа шығарылады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін аталған құбыр желісінің жұмысы жиі тоқтайтын болған. Оны жоғарыда айттық. Ал сарапшылар бұған қатысты: «Ресей Орталық Азиядағы өз ықпалының төмендеуінен сескенеді, сондықтан да түрлі қысым жасау рычагтарының бар екенін ОА елдерінің есіне оқтын-оқтын салуда», — дейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…