Categories: Саясат

Путиннің күзетшісі оның Астанада бункері бар екенін айтты

РФ Федералдық күзет қызметінің бұрынғы офицері Глеб Каракулов Астанадағы елшілік аумағындағы бункерде Владимир Путинге телефон орнатқанын  айтты, деп хабарлады dossier.center.

Оның айтуынша, Ресей президентінің барлық резиденциялары «бункер» деп аталады. Бұл жерде ол ұзақ уақыт бола алады. 2022 жылғы қазанда Астанада өткен «Ресей — Орталық Азия» саммитіне Владимир Путин қатысқан. Каракулов бұрын Қазақстандағы елшілік аумағында елшінің кабинетінде немесе келіссөз жүргізілетін орында байланыс орнатқан. Алайда сол жолы бункерде болған.

«Түсініксіз жағдай. Басқа мемлекет аумағында болған кезде бүкіл қауіпсіздікті өздері қамтамасыз етеді. Елшілік аумағы да күзетіледі», — дейді ол.

Еске сала кетейік, ФКҚ президенттік байланыс басқармасында қызмет еткен инженер, капитан Глеб Каракулов 2022 жылғы Астанаға Владимир Путинмен іссапарға келген кезде қашып кеткен. Инженер Путин мен премьердің сапарлары кезінде байланыс үшін жауапты бөлімде жұмыс ітеген. Ол соғыс басталғалы жұмыстан кетуді ойлаған, алайда жаңа төлқұжат алғанша жоспарын кейінге қалдырған. РФ Федералдық күзет қызметінде 2009 жылдан бері қызмет еткен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago