Фото: uainfo.org
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «ШЫҰ елдерінде «түрлі-түсті» төңкерістерге жол бермеуіміз маңызды» депті. Бұл – ең алдымен Путинге қаратыла айтылған сөз болса керек. Өйткені Қытайдың Ресейге деген өкпесі қазір қара қазандай.
Қытай билігінің Путинге көңілі толмайтындай үлкен себебі бар. Украинадағы соғыстың арты зор дағдарысқа әкелгелі тұрғанын Си Цзиньпин сезеді. Осыдан бір ай бұрын Қытай СІМ өкіліне сұрақ қойылғанда, «Ресей Украина жерінен өз әскерін толық шығарып әкеткен кезде ғана біз Ресеймен баяғыдай толыққанды экономикалық карым-қатынасқа ораламыз», деген жауап берілген. Қысқасы, Қытай Ресейге ашық айтты, «мына соғысыңды тоқтат» деп. Соғыстың тоқтағаны Қытайға неге керек?
– Қытай Владимир Путиннің бұл соғыста толық жеңіліп, Ресейде саяси режимнің өзгеруінен қатты қорқады. Путиннен кейін билікке кім келетіні белгісіз. Қытай үшін ең жаманы – Ресейдегі келесі режимнің «америкашыл» болғаны. Мысалы, Путинге дейін Ельциннің билігі сондай болған. Қытай үшін бұл үлкен қауіп. Қытай халықаралық изоляциядан қорқады. 21 ғасырдың екінші жартысында әлемдегі нөмірі бірінші державаға айналуды көздеп отырған Қытайға қалай да Ресейдің тегін ресурсы, Ресейдің жерін игеру керек. Сол үшін Қытайға Путиннің өз тағынан мерзімінен бұрын түсіп қалмағаны қажет,
дейді Иван Яковина деген ресейлік саяси шолушы.
Бірақ Путин өзінің қателік жасағанын ұғып отырған жоқ. Менікі дұрыс деп санайды. Десек те, бұл жолы Си Цзиньпин Путинге қандай қателік жасап отырғанын жақсылап түсіндіруі мүмкін. Путин соғысын тоқтатпаса, Қытай қатты ашуға мінеді. Ал ашулы Қытайдың Путиннің мүйізін қағып тастайтын қауқары жетеді.
Қытай қазір саяси жағынан да, экономикалық жағынан да қиын жағдайда тұр. Алдағы қазан айында Қытайда компартияның кезекті съезі басталады. Ол жиында Қытайдың келесі төрағасы кім болады деген мәселе қаралады.
Әрине, Си Цзиньпин үшінші мерзімге тағы қалғысы келеді. Бірақ ол үшін оның елінде жағдай керемет болуы керек. Ал шындығында
Қытай экономикасында соңғы 40 жылдың ішінде алғаш рет тоқырау басталды.
Саясатында да жағдай оңып тұрған жоқ. Өткен жолы Нэнси Пелоси Тайваньға ұшып келіп, Қытайды жағынан шапалақпен тартып қалды. Қытай түк істей алмады. Елде коронавирус әлі өршіп тұр. Сенімді серігі Путин әне-міне құлайын деп, теңселе бастады. Мұның бәрі Қытайға оңай тиіп жатқан жоқ.
Си Цзиньпинге жеңіс пен жетістік керек қазір. Ол Қытай экономикасын құрбандыққа шала алмайды. Егер ол Владимир Путинге қару-жарақ бере бастаса, Қытайдың қаржылық жүйелері бірден Американың санкцияларына ұшырайды. Қытайдың триллиондаған доллар қарызы бар, Америка ол қарыздарды қайта қаржыландыруға ақша бермей қойса, Қытай экономикасы банкрот болады. Қытай үшін нағыз катастрофа сол. Сол себепті Си Цзиньпин өлсе де Путинге ашық түрде көмек көрсетпейді,
дейді сарапшы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…