Саясат

Путинтану ғылымдарының докторы. Назарбаевқа жаңа жұмыс табылды

Бірнеше елдің барлау қызметі мен дипломатиялық корпустары Нұрсұлтан Назарбаевты кеңесші ретінде тарту туралы «жабық консультациялар» өткізе бастады.

Нұрсұлтан Әбішұлы видеоларды қарап, қай жерде Ресей президенті Владимир Путиннің өзі, ал қай жерде оның сыңары (двойник) болғанын анықтап беруі тиіс. Назарбаев Путинды 2000 жылдан бері өте жақсы зерттеді. Олар 20 жыл бойы жылына бірнеше рет кездесіп жүрді. Сондықтан бұл жұмыс бірінші президенттің қолынан келетіні анық. Тек Назарбаевтың ондай ұсынысқа қалай қарайтыны, реакциясы әзірге белгісіз болып тұр, деп хабарлайды DALA INSIDE.

Путиннің сыңары бойынша ақпараттар Батыстан бөлек Қытайды кәдімгідей мазалай бастады. Төраға Си дипломатиялық корпусына ешқандай сыңар, подделкалармен қол алыспаймын деген қатаң позициясын білдіргелі бері, Пекин Путинмен кездесу мәселесін майшаммен қарау үстінде.

Ал Батыс Путиннің шын Путин екенін анықтау үшін жасанды интеллект күшіне де жүгіне бастады.

Адамды дауысынан тану технологиясымен айналысатын Speech Craft Analytics негізін қалаған маман Дэвид Поуп Владимир Путиннің осы аптада Орыс халық кеңесінде сөйлеген сөзі мен биыл мамырдағы Жеңіс күніндегі сөзінің аудиоларын 10 функция бойынша тексеріп, екі шарада екі түрлі адамның сөйлегенін анықтаған.

Әр адамның саусақ іздері сияқты, дауыс тембрінде де ешкім қайталай алмайтын бірегей ерекшеліктері болады дейді, Дэвид Поуп.

Путиннің Путин емес екендігі дәлелденсе, әлемдік саясатты үлкен дау күтіп тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago