Categories: Оқиға

Жамбыл облысында пышақталған әкімнің жағдайы белгілі болды

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылының әкімі алты күн бұрын өз жұмыс орнында пышақ жарақатын алған еді. Ол бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатып, енді есін жиды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Жамбыл облысында пышақ жарақатын алған ауыл әкімінің беті бері қарады. Дәрігерлер 46 жастағы шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын, бес күннен кейін ауруханадан шығуы мүмкін екенін айтты.

Ол ішінен пышақ жарақатын алған. Науқасқа жедел ота жасалған. Отадан кейінгі диагнозы ұйқы безі басының жарақаты. Ота сәтті өтті. Қазір жағдайы қанағаттанарлық,

дейді Меркі ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Парманқұлов.

Қазір науқас жалпы палатаға ауыстырылған.

Телеарна мәліметінше, әкімге пышақ жұмсаған жергілікті тұрғын. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Полицейлер 42 жастағы күдіктінің мас болғанын айтады. Сондай-ақ ол 2013 жылға дейін психдиспансерде тіркеуде тұрған. Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago