Қоғам

Әр сағат сайын 7 отбасы ажырасады

Елімізде күніне 150 шаңырақ шайқалады. Бұл — сағатына 7 жұптың дәм-тұзы жараспай, екіге кетеді деген сөз.

Сарапшылар мұны ұлттың үлкен трагедиясына балайды. Биыл, тіпті, бұл статистика екі есе көбеюі мүмкін, — дейді. Қазір қит етсе екінің бірі жұптарын жазуға дайын тұрады. Сорақысы, арада бала сорлап қалады. Олардың тағдыры не болмақ? Астана телеарнасының тілшісі біліпті.

Қазақстандағы әрбір үшінші некенің соңы ажырасумен аяқталады. Оның 80 проценттен астамынының ортақ балалары бар. Екіге кететіндердің дені – 25 пен 35 жас аралығындағылар. Бірақ қазір егде жастағы азаматтардың да айырылысып жатқаныны жиі байқаймыз. Мұндайда «оның нақсы себебі – осы» деп дөп басып айту қиын. Себебі , әркімнің ғұмыры -әр қилы.

  • Басында бәрін шешпегендіктен, соңында олардың ойы өзгереді ғой. Адам бір-біріне бауыр басқаннан кейін ашық түрлерін көрсетеді өздерінің.
  • Түрлі жағдай болуы мүмкін. Біреуі ене дейді, біреуінің күйеуі ішеді дейді. Кім біледі?
  • Қазақ ұлтының менталитетін жоғалтып алдық біз. Осымен байланысты. Екінші – әлеуметтік жағдай. Мысалы, бір комнаталы үйде 5-6 адам тұрады.

Ажырасқан отбасылардың көбеюі некеге тұратын жастар санының азаюына әкелген. Жанұя құрғысы келетіндер 10 жылда 164 мыңнан 128 мыңға дейін төмендеді. 2009 жылы елімізде 4 млн отбасы бар болса, былтыр олардың саны небәрі 5 млнға жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл некелесу коэффиценті мың адамға шаққанда 5,46 құрады. 8 мың неке бұзылды. Ажырасу көрсеткіші мың адамға шаққанда 0,83 құрады.

Қазір елде 600 мың ата-ана баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Оның 494 мыңы – ана, қалғаны – әке.

Бұл үлкен әлеуметтік мәселені отбасы, мемлекет бәрі бірге жүйелі түрде шешкенде ғана жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Жасы ұлғайған азаматтар да, 60 жастағаы адамдар да ажырасып жатыр. Бұл үрдік дұрыс емес. Ұлтқа, болашаққа, үлгі-өнеге жасауға теріс ықпалын білдіреді,

Гүлнар Омарова, қоғам белсендісі.

Елімізде соңғы 10 жылда 1,5 млн жас неке қидырған. Оның жарты миллионы ажырасып тынды.

Бұрын ол ұят болған. Бетке басылатын болған. Қазір қосылып алады да, 1-2 ай тұрып ажырасып кете береді. Қосылды ма есі шығып, той жасап ата-аналары, шашылып жатқанымен олар түсінбейді. Ажырасып кетеді,

Кәмила Омарбекова, аналар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттің іргетасы отбасы десек, оның керегесі кең, босағасы берік болуы әрқайсысымызға байланысты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago