Атақ және ақша

Raim мен Ерке Есмахан жақында сәбилі болмақ

Танымал жұлдызды жұп Raim мен Ерке Есмахан жақында сәбилі болмақ. Қуанышты жаңалықты өнер иелері бейнебаян арқылы жеткізді.

 “Bul mahabbat” деп аталатын бейнебаянда Ерке Есмаханның жүкті екенін көруге болады. Тіпті бейнеклипте Raim «Бәрінен ең әдемі менің жүктім» деп шырқайды.

Сүйінші! Баршаңызға рахмет, көңілім босап, қуанып отырымын. Өнердегі достар, оқырмандар бейнебаянмен бөлісіп отырсаңыздар алғыстан басқа айтарым жоқ,

деп жазды Ерке Есмахан.

Бейнеклип желісі бойынша, студияда ән жазып кешіккен Райымды донерге аңсары ауған жүкті әйелі күтіп отырады. Ол түн ортасында донер іздеп әлекке түседі. Амалы қалмаған Райым полиция қызметкерлерінің қолындағы донерді тартып алып, өзін күтіп отырған Еркеге әкеліп береді. 

Желі қолданушылары Райым мен Еркені қуанышты жаңалығымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

“Нағыз махаббат деген осы”, “Күшті жаңалықты бейнебаянмен жеткізіп тұр”, “Алла амандық беріп, жеңіл босанып алсын Ерке қыз”, “Бақытты болыңдар”, “Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын”, “Жүктілік жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago