Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Қазақстандық кәсіпкер, Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Қайырлы күн, достар. Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Мен ешкімді ренжіткім келмеді. Дұрыс айтасыздар, дәл қазір сіздерді мұқият тыңдаймын.

— деп бастады сөзін Мухоряпов қазақ тілінде.

«Біріншіден, видеода ренжіткендердің барлығынан кешірім сұраймын. Мен видеоны қарап шықтым, шынымен де кейбір сөздерім дөрекі айтылыпты. Мен Қазақстан азаматымын, Алматыда туып-өстім. Осы жерде компания аштым. Қызметкерлеріміздің 99 пайызы қазақстандықтар, біз мұнда салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компания ішінде барлық өнімдерге қазақ тілінде қолдау көрсетіледі. Кейбір өтінімдер қазақ тіліне аударылған, кейбіреулері аударылып жатыр, мен бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз деп үміттенемін. Ал өз басым тілді аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Бұдан былай үйренүге тырысамын. Тағы да кешірім сұраймын», — деді Мухоряпов.

https://www.instagram.com/p/Cj7SoxOov9z/

Еске салайық, кеше кәсіпкер «Егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі» деген пікірі үшін сын астында қалды. Тіпті қазақстандықтар Chocofamily Holding қызметін бас тарта бастады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago