Құран сүйемелдеуімен ұзатылған қыз жұрттың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде Құран дауысымен ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың видеосы тарады. 

Көпшіліктің наразылығын туғызған бейнежазбаға зер салсақ, хиджаб киген қалыңдық құран дауысымен ұзатылып бара жатыр. Әдетте қалыңдық сыңсу айтып, туғандарымен қоштасады, болмаса өнер жұлдыздары әнмен шығарып салады. Бейнежазба үш мыңнан астам лайк, төрт жүзден астам пікір жинады.

Бұл үрдіс қазіргі қоғамда қалыпты дүние болмағандықтан болар, бейнежазба жұрттың ашуын туғызды.

“Жаназасын шығарып жатыр ма?”, “Құлшылықтың да өз орны бар”, “Өлген адамды құранмен шығарып салмай ма? Бұл той емес пе?”, “Қазақтын мағыналы әндерін, ұлттық киімін, дәстүрлерінің быт-шытын шығарды, арабқұлдар”, “Ойларына не келсе, соны істейтін болды ғой”, “Нағыз адасу”, – деп жазды желідегілер.

Бірақ желі қолданушыларының арасында қалыңдықтың өзге әулетке қасиетті құранның дауысымен аттанғанын дұрыс деп санайтындар да табылды. 

“Жын-ойнақтан көрі осы дұрыс”, “Әр бір күніміз бен түніміз осылай құлшылықпен өту керек”, “Аллаһтан қорқыңдар, салауатты жоқа шығарамын деп жоғалып кетпеңдер”, “Салауат айтып жатыр”, “Құранның бір аятын білмейсіңдер, есесіне комментарийді өлтіресіңдер”, “Хиджаб кию – парыз”, – деп хиджабтағы қалыңдықты жақтағандар да жетерлік.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago