Categories: Дін

Құрбандықты уақытынан ерте және кеш шалуға болмайды

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құрбандық шалудың уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ертең, яғни 27 маусым – Арапа күні болса, 28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні.

Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталса, аяқталуы 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды. Айт намазы Астана қаласында таңғы 6:00 де басталады,

деді Кенжетай Дүйсенбай.

Хадистерде келгендей, айт күндері жасалатын игі істердің ең абзалы – құрбан шалу.

Ханафи мәзһабы бойынша (құрбан айт күндері) құрбан шалуға шамасы келген дәулетті (қажетінен тыс зекеттің нисап мөлшеріне жеткен), азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп, яғни міндет.

Құрбан шалудың мұсылман баласына міндет екендігіне қасиетті Құрандағы «Раббың үшін намаз оқып, құрбан шал!» деген аят, сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Жағдайы бола тұра құрбандық шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын», – деген қатаң ескертуі дәлел болады. Демек, күнделікті күнкөрісінен бөлек артық дүниесі бар мұсылманның құрбан шалуы міндетті. Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек әйелінің де табысы, күнкөрісінен тыс артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуы тиіс.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago