Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге бөлінген қаражаттың 1,6 млрд теңгесін мемлекетке қайтарды. Ақшаның 10 пайызы үнемделді.
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды.
Қаражат үнемі өткізілген мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен қалыптасты», – делінген хабарламада.
Бүгін Үкімет отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды.
Айта кетейік, 20 қарашада өтетін президент сайлауына Үкімет резервінен мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуге 20 млрд теңгеге жуық, ал парламенттік сайлауға 25 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…