Categories: Қоғам

Рейс неге жиі кешіктіріледі — Scat басшысы жауап берді

SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов рейстердің неге кешіктірілетінін түсіндірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 мамырда Үкімет отырысында Азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықтың отандық әуекомпанияларға айтқан сыны орынды екенін атап өтті.

«Мамыр айындағы рейстердің жүйелілігі – 97%. Рейстердің кешігуі әртүрлі себептерге байланысты. Құстарға соқтығысу, түрлі ақаулар, метеожағдайлар болуы мүмкін. Үнемі қадағалап отырамын. Диспетчерлік қызмет, үнемі жұмыс істейтін call-орталық бар. Рейстердің кешігуін қылмыс ретінде қарастырудың қажеті жоқ», – деді Денисов.

SCAT басшысының айтуынша, бұл жерде жолаушылардың да әрекетінен де кешіктіріледі

«Жолаушы келіп, “ұшпайтын болдым” дейді. Бір жарым сағат оның жүк багажын іздейміз, жолаушыларды борттан шығарамыз. Мұндай нюанстар ескерілмейді. Жолаушылар жиі кешігеді. Барлығынан толығымен өтіп, телефон арқылы сөйлесетіп тұратындар бар. Бәрін тапсырып қойғандықтан, оны күтуге мәжбүр боламыз. Әуежайларда проблемалар көп. Жалпы кешіктірілудің себебі көп”, – деді ол.

Оның айтуынша, рейстің кешігуі тасымалдаушының сапасыздығын білдірмейді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago