Categories: Экономика

Рекордтық көрсеткіштер: Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағыны 28 млрд долларды құрады

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда (23,8 млрд доллар) 17,7%-ға көп. Рrimeminister.kz хабарлағандай, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған.

Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:

Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%),

АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%),

Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%),

Бельгия – $1,56 млрд (+46%),

Ресей – $1,52 млрд (-19,7%),

Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%),

Қытай – $1,43 млрд (-22,5%),

Франция – $770,2 млн (+27,4%),

Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)

Инвестициялар ең көп тартылған салалар:

тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%),

өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%),

көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%),

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе),

көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%),

құрылыс – $698 млн (-3%),

қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%),

электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.

Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:

Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%),

Алматы – $7,57 млрд (+11%),

Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе),

ШҚО – $2,2 млрд (+3%),

БҚО – $1,12 млрд (+7%),

Алматы облысы – $698,2 млн (+47%),

Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе),

Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%),

СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago