Categories: Галерея

Рэпер Doja Cat 30 мың кристалл жапсырылған киіммен жарыққа шықты

Әнші Doda Сat Парижде Жоғары сән апталығын ашқан Schiaparelli Couture Spring 2023 жаңа топтамасының шоуына ерекше образбен шықты: оның денесі толығымен қызыл Swarovski кристалдарымен безендірген.

27 жастағы әншінің образын визажист Пэт Макграт жасады, ол Schiaparelli сән үйімен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Instagram-да ол Doja Cat образын жасау үшін 30 мың Swarovski кристалдары пайдаланылғанын айтты.

Алайда Желі қолданушылары әншінің бейнесін қорқынышты деп атады.

«Абайлаңыз, трипофобтар! Doja Cat-тың жаңа образынан сіз өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін», — деп жазды қолданушылар. «Сән мен өнер дерсің, бірақ әнші енді бізге қорқынышты түстерімізге кіретін болды».

Бұған дейін желіде Schiaparelli шоуының өзі талқыланды: сахнаға көбік, шайыр және басқа да жасанды материалдардан жасалған «жануарлармен» безендірілген модельдер шықты. Коллекцияны құрумен жұмыс істеген дизайнер Даниэль Розберридің идеясына сәйкес, аңдар Дантенің «Құдайдың комедиясына» сілтеме жасап, адамның күнәларын бейнелеген. Ирина Шейк подиумда үлкен арыстанның басы бейнеленген «аксессуармен» көйлек киіп жүрді (Кайли Дженнер де шоуда сондай киімде пайда болды), ал Наоми Кэмпбелл – қасқырдың «басымен». Подиумда ұсынылған образдар әлеуметтік желілерде тез таралып кеткен көптеген мемдерге негіз болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago