Фото: ашық дереккөзден
«Тоқаевтың тұсында мұндай қауіп жоқ», дейді АҚШ елшісі.
Байден әкімшілігі Орта Азияның есігін ойрандап, төрін талқандауға жол бермейді. Тоқаевтың көршінің көңіліне кірбің түсірмейтін саясаты ел қамын ойлағаннан туған амал. Қазақтардың көмегімен Батыстың блокадасын айналып өтуді көздеген Кремль Ақорданың желкесіне міне алмады.
Агрессорды қолтығынан демейтіндей қазақ билігінің ақылы таяз емес.
АҚШ елшісі Даниель Розенблуммен сауалдасқан Dalainside алпауыт елдің Қазақстанға қатысты ұстанымын жазды. Алматыда бір топ журналиспен пікірлескен Розенблум теріскейден төнетін қауіпке қатысты бойдағы үрей мен күдікті сәл-пәл сейілткендей болды.
Геосаяси тұрғыда Тоқаевтың жеті жылы ыңсыз-шыңсыз, айғай-сүреңсіз өтеді. Ресей бүгін-ертең Қазақстанға басып кіреді деген қауіпті көріп тұрған жоқпыз. Ақ үйдегі аналитиктер Кремльдің басқан ізін аңдып отыр, олар Путиннің аузынан шыққан әрі сөзге талдау жүргізеді. Дабыл қағарлық жағдай туса Ақорданы түрлі каналдар арқылы алдын-ала құлағдар етеміз. Ресейдің шабуылға дайындалып жатқанын Киевке де ерте бастан ескерткен едік. Америка егемендік мен аумақтық тұтастық мәселесіне сергек қарайды. Путиннен өктемдік күтетін кез-келген мемлекетке консультация беруге әзірміз,
дейді елші.
Розенблум Кремльмен арасын суытқысы келмейтін Тоқаевтың саясатын түсінеді. Жағрафиясында Ресеймен көрші болуды жазған Қазақстанға көпвекторлы саясатқа арқасүйеуден өзге жол жоқ.
Дей тұрғанмен Ақорданың аумақтық тұтастық пен егемендікке қатысты ұстанымы айқын. ДНР мен ЛНР секілді квазиқұрылымдарды мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып, Петербор форумында Мәскеудің шымбайына бататын шындықты айтты.
Санкция құрсауындағы Ресейге жәрдемдесіп, ағаттық жіберген елдің тұщы етіне ащы таяқ тиеді. Тоқаев толарсақтан су кешкісі келмейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…