Categories: Саясат

Ресей Қазақстанға басып кіре ме?

«Тоқаевтың тұсында мұндай қауіп жоқ», дейді АҚШ елшісі.

Байден әкімшілігі Орта Азияның есігін ойрандап, төрін талқандауға жол бермейді. Тоқаевтың көршінің көңіліне кірбің түсірмейтін саясаты ел қамын ойлағаннан туған амал. Қазақтардың көмегімен Батыстың блокадасын айналып өтуді көздеген Кремль Ақорданың желкесіне міне алмады.

Агрессорды қолтығынан демейтіндей қазақ билігінің ақылы таяз емес.

АҚШ елшісі Даниель Розенблуммен сауалдасқан Dalainside алпауыт елдің Қазақстанға қатысты ұстанымын жазды. Алматыда бір топ журналиспен пікірлескен Розенблум теріскейден төнетін қауіпке қатысты бойдағы үрей мен күдікті сәл-пәл сейілткендей болды.

Геосаяси тұрғыда Тоқаевтың жеті жылы ыңсыз-шыңсыз, айғай-сүреңсіз өтеді. Ресей бүгін-ертең Қазақстанға басып кіреді деген қауіпті көріп тұрған жоқпыз.  Ақ үйдегі аналитиктер Кремльдің басқан ізін аңдып отыр, олар Путиннің аузынан шыққан әрі сөзге талдау жүргізеді.  Дабыл қағарлық жағдай туса Ақорданы түрлі каналдар арқылы алдын-ала құлағдар етеміз. Ресейдің шабуылға дайындалып жатқанын Киевке де ерте бастан ескерткен едік. Америка егемендік мен аумақтық тұтастық мәселесіне сергек қарайды. Путиннен өктемдік күтетін кез-келген мемлекетке консультация беруге әзірміз,

дейді елші.

Розенблум Кремльмен арасын суытқысы келмейтін Тоқаевтың саясатын түсінеді. Жағрафиясында Ресеймен көрші болуды жазған Қазақстанға көпвекторлы саясатқа арқасүйеуден өзге жол жоқ.

Дей тұрғанмен Ақорданың аумақтық тұтастық пен егемендікке қатысты ұстанымы айқын. ДНР мен ЛНР секілді квазиқұрылымдарды мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып, Петербор форумында Мәскеудің шымбайына бататын шындықты айтты.

Санкция құрсауындағы Ресейге жәрдемдесіп, ағаттық жіберген елдің тұщы етіне ащы таяқ тиеді. Тоқаев толарсақтан су кешкісі келмейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago