Ресей Қазақстаннан кек алып жатыр және Еуропаға шабуылдауда

КТК мұнай құбырының жұмысын тоқтатудан Ресейге еш зиян тимейді, алайда Еуропа күніне миллион баррельге дейін мұнай жоғалтуы мүмкін.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаны қолдайтын Еуропа елдеріне қарсы тағы бір қару тапты — бұл Қазақстан мұнайы, және ол бұдан ештеңе жоғалтпайды, деп жазады мұнай сарапшысы Джулиан Ли Bloomberg басылымына.

5 желтоқсанда Ресей мұнайына қарсы еуропалық санкциялар күшіне енеді, ал G7 индустриалды дамыған елдер тобы Мәскеуден шикі мұнай экспортының бағасын шектеу туралы мәселені қарастыруда. Бірақ Путин күтіп отырмай, шараларды алдын-ала қабылдап жатыр. Новороссийскідегі сот мұнайдың төгілуін жою қағидаларын бұзғаны үшін жаза ретінде Каспий құбыр консорциумына Қара теңіздегі эксперттық терминалдан мұнай тиеуді бір айға тоқтатуға міндеттеді.

Бұл қадамның ерекшелігі сол, төмендейтін ағын бірінші кезекте ресейлік мұнай емес, көрші Қазақстаннан келетін ағын. Күніне шамамен 1,5 миллион баррель шикі мұнай қазірдің өзінде шектеулі мұнай нарығына жеткізілмейтін болады, ал Ресей бұл қадамнан ештеңеден ұтылмайды.

Еуропалық нарықтарға мұнай жеткізу Ливиядағы толқулардың салдарынан зардап шекті. Соның кесірінен Солтүстік Африка елінің экспорты екі есе азайды және одан сайын төмендей беруі мүмкін.

КҚК құбыры 20 жылдан астам уақыттан бері апатсыз жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, кейінгі айларда онда бірнеше іркілістер болып, Путин әскерлерінің Украинаға басып кіруі аясында бұл саяси маңызға ие болды.

Наурызда дауыл екі тиеу терминалына зақым келтірді, нәтижесінде бүкіл терминал бірнеше апта бойы істен шықты, ал мұнай жөнелту сәуір айына дейін қысқарды. Мамырдағы тыныштықтан кейін маусымда теңіз түбін зерттеу Екінші дүниежүзілік соғыстың минасын анықтады — үш терминалдың екеуінен тиеу тоқтатылды. Қатарға қайта қосылғаны сол еді, порт қайтадан соққыға ұшырады.

РФ вице-премьерінің тапсырмасы бойынша қауіпті өндірістік нысандарды тексеру барысында «мұнайдың төгілуін жою жоспарының құжатпен расталған бірқатар ақаулары» анықталды», — делінген КТК сайтындағы хабарламада. Компаниялар ақауларды жою үшін 30 қарашаға дейін мерзім бергеніне қарамастан, сотқа құқық бұзушылық үшін жаза ретінде қызметті тоқтата тұру туралы өтініш берілді.

Егер тоқтату жүзеге асырылса, бұл Ресей мұнайының экспортына іс жүзінде әсер етпейді. Ресейде шығарылған мұнай КҚК көлемінің шамамен 10%-ын құрайды және баламалы өткізу нарықтарына қайта бағытталуы мүмкін. Көмірсутектер экспортының 80%-ға жуығын осы құбырмен жөнелтетін Қазақстан бұл соққыны қатты сезетін болады және оның бұл тәуелділікті азайтатын жеткілікті нұсқалары жоқ.

Бірақ ең бастысы, бұл шығын Еуропа үшін ауыр соққы болады. КҚК ағынын аз уақытқа тоқтатса да, Ресей батыстағы қарсыластарын жазалап, мұнайға деген жоғары бағаны көтеріп, сонымен бірге өз экспортынан түсетін мемлекеттік кірісті көбейте алар еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago