Categories: Қоғам

Ресей Қазақстанның 8,5 млн гектардан астам жерін полигон ретінде пайдаланып келеді

Ресей Қазақстанның 8,5 миллион гектардан аса жерін жалға алып әскери полигон ретінде пайдаланып келеді. Ал жалға берілген аумақтың әр гектарына 1046 теңге төлейді. Бұл баға 2005 жылдан бері өзгермеген, деп хабарлайды 31-арнаның жаңалықтар қызметі.

Еліміздің қорғаныс министрлігіндегілердің мәліметінше, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарындағы аумағы 7 миллион гектар болатын Сары-Шаған сынақ алаңы Ресейге жалға берілген.

Одан соң Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлеріндегі 1 миллион гектардан аса жердегі 929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы да әзірге көрші елдің еншісінде. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстандағы көлемі 300 мың гектар болатын 4-ші мемлекеттік орталық полигонды да жалға алып отыр.

Бұл полигондарда Ресей қарулы күштері әскери техникаларды әзірлеп, оны сынақтан өткізеді. Осылайша, еліміздің қазынасына 10 миллиард теңге табыс түсіп тұр дейді жауапты ведомство өкілдері.

Жалға алу шартына байланысты алғашқы халықаралық келісімшарт 1993 жылы жасалған. Сондай-ақ жалға беру уақыты 2030 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Жалға алу шартына байланысты алғашқы халықаралық келісімшарт 1993 жылы жасалған. Сондай-ақ жалға беру уақыты 2030 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Ал депутаттар Ресей әскери күштеріне берілген полигон аумағын қайтарып, ауылшаруашылық жері ретінде тұрғындарға беруді ұсынып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago