Categories: Саясат

Ресей билігі Пригожинге қатысты істі тоқтатты

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Ростов пен Воронеж арқылы Мәскеуге қарай жылжыған «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының қарулы бүлігі туралы қылмыстық іс тоқтағанын хабарлады.

Бұның алдында Кремль «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинмен жасалған келісімге сай қылмыстық істі жабуға уәде берген.

Пригожин бастаған қарулы бүлік кезінде кем дегенде 10 ресейлік жауынгер қаза болды, миллион тұрғыны бар қала қарулы биліктің бақылауына өтті.

Федералдық қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметте арнайы қызмет «бүлікке қатысушылардың қылмыс жасауға бағытталған әрекетінен бас тартқанын көрді» деп жазылған.

Қылмыс кодексіне сәйкес, қарулы бүлік секілді аса ауыр қылмыстар жүзеге аспай қалған жағдайда қылмысқа дайындалу туралы бап күшіне енуі тиіс. Ол бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет жоқ.

2013 жылғы ақпанда бүлікке дайындалу туралы баппен бас барлау басқармасының полковнигі Владимир Квачков 13 жылға сотталған. Кейін Жоғарғы сот оның жазасын 8 жылға дейін қысқартқан.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago