Ресей күзге қарай қантты көбірек жеткізеді

Ресейге және ЕАЭО-ның басқа елдеріне импорттық қантты жеңілдікпен жеткізу кем дегенде қазан айының соңына дейін ұзартылды.

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне қант экспортына тыйым салуды 31 тамыздан ары ұзартпайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) хабарлады, деп жазады Российская газета.

ЕЭК алаңындағы консультациялар қорытындысы бойынша келісімшарт жасап, қажет қант көлемін 1 қыркүйектен кейін жеткізу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер берілді,

деді ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Атап айтқанда, Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін жоспарланған 168 мың тонна көлемін ұлғайтуға келісті. Өйткені Қазақстан — Ресей қантын негізгі сатып алушы. Федералды кеден қызметінің (ФКҚ) дерегі бойынша 2021 жылы ҚР-ға 280 мың тоннаға жуық өнім жеткізілген. Басылым Қазақстанда жыл басынан бері қант тапшылығы байқалатынын, оның құны бір жылда 2-2,5 есе өскенін айтып өтті.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдері аумағында (Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда) импорттық қантқа қатысты жеңілдіктер қолданыла береді. Қазақстанға 250 мың тонна, ал Ресейге 300 мың тонна қант баж салығынсыз кіргізуге рұқсат етілді. Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕЭК кеңесі 21 маусымда қант пен шикі қанттың жеңілдікпен алу импортын 2022 жылғы 31 қазанға дейін (қоса алғанда) ұзартқанын мәлімдеді.

Ресстат мәліметінше, қанттың бөлшек сауда бағасы наурыз айында ондаған процентке күрт өскеннен кейін сәуір айының басынан бастап біртіндеп төмендеді. Дегенмен қанттың жыл басынан бергі бағасы үштен бірге жоғары.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago