Categories: Экономика

Ресей нарығынан кеткен 70-ке жуық шетелдік компания Қазақстанға көшіп келмек

Ресей нарығынан кеткен 67 шетелдік компания өз өндірістері мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Ал 25 компания көшіру жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерген. Бұлар негізінен 38 мемлекеттің ірі компаниялары. Нақты айтсақ, Германия, АҚШ, Швейцария және Жапония сияқты алпауыт елдердің бизнесмендері кәсіптерін Қазақстанда жалғастыруға дайын.

Мәселен, электрондық басқару және автоматтандыру жүйелерін шығаратын америкалық Honeywel компаниясы Алматыда шағын өндіріс орнын ашты. Сонымен қатар танымал Тик Ток платформасы өз кеңсесін біздің елге көшірді. 

Қазақстанға келгісі келетіндердің қатарында такси қызметін ұсынатын  inDriver, темір рудасын өндірумен айналысатын австралиялық Fortescue тау-кен компаниясы, Францияның ірі машина жасайтін компаниясы Alstom бар. Және Ozon интернет дүкені Астанада логистикалық парк ашпақ.

Қазіргі күні Қазақстан тарапы барлығы 401 компанияға шақырту жолдаған екен.

Айта кетейік, бұл компаниялар Ресейге салынған санкциялардан кейін Қазақстанға көше бастаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago