Саясат

«Ресей он жыл сайын жаңа соғыс бастайды»: Зеленский Қазақстанға қауіп төніп тұрғанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский  БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ресейдің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, Украина КСРО ыдырағаннан кейін ядролық арсеналын Ресейге тапсырған елдердің қатарында болды.

Украина өзінің үшінші үлкен ядролық арсеналынан бас тартты. Содан кейін әлем Ресей үлкен державаның қамқоршысы болуы керек деп шешті. Бірақ қазіргі тарих 1990 жылдары ядролық қарусыздануға ең лайықтысы Ресей екенін дәлелдеді. Ресей қазір де қарусыздануға лайық: лаңкестердің ядролық қаруға иелік етуге құқығы жоқ,

деді Зеленский.

Ол Ресейдің он жыл сайын жаңа соғыс бастайтынын айтып, Молдова, Грузия мен Сирияны мысалға келтірді.

«Ресей Беларусьті жұтып қоя жаздады және Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төндірді. «Сахна артындағы көлеңкелі мәмілелерден» хабардармын. Жамандыққа сенуге болмайды. Путиннің уәделеріне сенуге бола ма деп Пригожиннен сұраңыз. Өтінемін, мені тыңдаңыздар! Барлығы ашық шешілсін», — деді Зеленский.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago