Әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары не туралы жазып жатыр?
The Wall Street Journal Ресей аналитиктер қарастырған сценарилердің ең нашарын жүзеге асырды деп жазды. Кремль Батыстың санкцияларына байланысты «Солтүстік ағын» газ құбырына қызмет көрсете алмайтынын, сондықтан Еуропаға газ жеткізуді толығымен тоқтатқанын хабарлады.
Нарық бірден әрекет етті. Электр қуаты бағасы бұрынғыдан да қымбаттап, еуропалық валюталар көпжылдық ең төменгі деңгейге жетті. Ал еуропалық үкіметтер саясаткерлердің басты бас ауруына айналған энергетикалық және экономикалық дағдарыспен қалай күресуге болатынын шұғыл шешіп жатыр.
Дегенмен Ресейдің өзінде де экономика мінсіз емес, батыс салған санкциялардың салдары ең ауыр түрде әсер ете бастады, деп хабарлайды Вloomberg.
Басылым тек Ресей үкіметі үшін дайындалған ішкі есептен үзінді келтіреді. Құжат бойынша, АҚШ пен Еуропа санкцияларының әсері кеңейген сайын ел ұзақ әрі терең рецессияға тап болуы мүмкін. Ресей өз экономикасында жылдар бойы сүйенген салаларға қауіп төніп тұр.
Ресейдің экономикалық оқшаулануының шынайы әсерін бағалауға тырысқан шенеуніктер мен эксперттердің бірнеше айлық жұмысы нәтижесі болған құжат, әдетте оптимистік мәлімдемелер жасайтын шенеуніктерге қарағанда әлдеқайда нашар көріністі көрсетеді. Мәселеден хабары бар адамдар есептің шын екенін растады.
The Guardian жаңа премьер-министр Лиз Трастың алдында қандай міндеттер тұрғанын қарастырды. Басылым Лиз Трасс бірден екі дауылға төтеп беруі керек деген қорытындыға келді — экономикалық және саяси.
Инфляция қарқыны мен энергия төлемдері миллиондаған отбасы мен бизнеске зиянын тигізіп жатыр. Бір ай бұрын Трасс үй шаруашылығын субсидиялауды 60 жылдағы ең нашар табыстың төмендеуі жағдайында үй шаруашылықтарына көмектесудің ең жақсы тәсілі ретінде қабылдамай тастады. Ол мұны «садақа» деп атап, кезіндегі «темір ханым» Маргарет Тэтчер сияқты салықтарды қысқартуға және экономикалық реформаларды жүргізуге уәде берді.
Бірақ Трастың экономикаға қатысты тэтчерлік көзқарасты ұстану амбициясы дағдарыстың шындығына қайшы келді. Қазынашылық жаңа премьер-министрге арналған бірқатар нұсқаны ойлап тапты. Ондағы фаворит — субсидияларды қамтитын электр энергиясы төлемдерін қатырып қою.
Саяси майданда Трасс қазірдің өзінде лейбористер шабуылына ұшырап жатыр. Олар премьер-министрдің мектеп пен аурухана тапшылығы қатты сезіліп тұрған кезде әлеуметтік шығындарды қысқарту туралы мәлімдемесіне қысым жасап жатыр. Оппозиция Трастың премьер-министр ретінде алғаш рет көпшілік алдына шығуын пайдаланып отыр. Онда Украинадағы соғысқа және Қытайдан әлемге төнетін ықтимал қауіптерге көп көңіл бөлінді, бірақ оның ішкі дағдарыспен қалай күресетіні туралы бір ауыз сөз де айтылмады.
Қала көшелерінде Лиз Трастың портреті мен «Ол сенің жаныңда емес» деген ұран жазылған баннерлері пайда болды. YouGov сауалнамасы респонденттердің 19%-і ғана Трастың өмір сүру құнына қатысты саясатына сенетінін айтты. Алайда 67%-і сенімді емес екенін жеткізді. Консервативті инсайдерлер Трастың өмір сүру құны дағдарысын ғана емес, басқа да ішкі мәселелерді шешу үшін саяси блицті бастауға бірнеше апта қалды деп санайды.
Fox news дүйсенбі күні мұнай бағасы негізінен ресейлік Газпромның «Солтүстік ағын-1» арқылы табиғи газ жеткізуін тоқтатуына байланысты көтерілді деп жазады. Бұл, ең әуелі, күзгі раллидің басталуы болуы мүмкін, дейді сала эксперті.
ОПЕК+ келісілген квотасынан тәулігіне шамамен 3 миллион баррельге аз өндіруге байланысты бұл хабарландыру саяси мәлімдеме болып саналады. Сауд Арабиясы бағаны көтергісі келеді және өндірістің кез келген қысқаруының ауыртпалығы ең әуелі соларға, ал азырақ дәрежеде Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейтке түседі,
деді Lipow Oil Associates президенті Энди Липоу.
New York Times АҚШ әскери барлауындағы дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Украинадағы соғысты бұдан былай экономикалық тұрғыда жалғастыра алмайды деп хабарлайды. Қалай болғанда да, ақпарат көздері бойынша, Кремль Солтүстік Кореядан снарядтар мен зымырандарды белсенді түрде сатып ала бастады. Бұл Ресей өнеркәсібіне жаһандық санкциялардың тиімді болғанын дәлелдейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…