Ресейлік генерал-майор Иван Попов даулы үндеу жасады. Поповтың қоластындағыларға жіберген аудиосын бұрын 58-армияны басқарған Мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев Telegram-арнасында жариялаған.
Үндеуде РФ Запорожье майданындағы бөлімшелерінің қолбасшысы шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтады. Ол басшыларға баяндамасында жағдайды боямасыз жеткізіп, Ресей армиясындағы жауынгерлік жұмыс пен қамтамасыз ету бойынша мәселелер барын айтқан.
«Жоғары басшылықпен жағдай шиеленісіп кетті… Алдымда күрделі таңдау тұрды: үндемей, олар естігісі келетін нәрсені айту немесе жағдайды қалай бар, солай жеткізу… Бүгінгі таңдағы армиядағы барлық мәселені тізбектеп айттым. Жауынгерлік жұмыс, қамтамасыз ету бойынша мәселелер барын жеткіздім. Яғни контрбатареялық күрестің жоқтығын, барлаудың жоқтығын және жау артиллериясынан бауырларымыздың қырылып жатқанын. Сондай-ақ, бірқатар басқа мәселелерді көтердім,
дейді Попов жазбада.
Поповтың айтуынша, қазіргі соғыстың басты трагедиясы — жау артиллериясынан ресейлік әскери қызметшілердің жаппай қаза болуы мен жараланып жатқаны. Ол билік назарын контрбатареялық күрестің, артиллериялық барлау станцияларының жоқтығына аудартқысы келетінін жеткізді.
Генералдың айтуынша, оны жұмыстан босату туралы бұйрық лезде, бір күнде шығарылған шешім. Және оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу қол қойған, өйткені Поповтың айтуынша, «жоғары басшылар одан қауіптене бастаған».
Бүгін дивизия полктерінің бірқатар командирі атап өткендей, біздің армияны Украина әскери қызметшілері майданда талқандай алмады, бізді аға бастығымыз тылдан талқандады, ең қиын және шиеленісті сәтте опасыздықпен және жасырын түрде армияны бассыз қалдырды,
деді Ресей генерал-майоры.
Ал Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов пен Украинадағы Ресей күштері қолбасшысының орынбасары генерал Сергей Суровикин «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің сәтсіз көтерілісінен бері қоғам алдына әлі шыққан жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…