Categories: Саясат

Ресей Украинаны ешқашан жеңе алмайды — Байден

АҚШ президенті Джо Байден Киевтегі сапарынан кейін 21 ақпанда Варшавада сөз сөйледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Голос Америки» арнасына сілтеме жасап.

Ақ үйдің басшысы ресейліктерге  АҚШ пен Еуропа елдері Ресейді жойғысы келмейтінін мәлімдеді.

“Батыс Путин айтқандай Ресейге шабуылдайын деп жатқан жоқ. Бұл –  соғыс біздің қажеттілік емес, бұл – қасірет. Мұны Путин таңдады. Күнде болып жатқан соғыстардың бәрі – Путиннің таңдауы”, – деді АҚШ басшысы.

АҚШ президенті Ресейдің Украинада «жиіркенішті» әрекеттер жасап жатқанын айтты және «автократтардың тәбетін қанағаттандырмай, оларға қарсы тұру керек екенін түсіндірді. Украина аумағында әскери қылмыс жасағандардың барлығын жауапқа тартуға уәде берді.

«Ресей ешқашан Украинаны жеңе алмайды. Ешқашан», – деді ол.

Ресей НАТО елдерінің біріне шабуыл жасаса, бұл бүкіл одаққа шабуыл ретінде қарастырылатыны ескертілді. 

Байден Украинаға әскери және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

«Украинаның егемендігін қорғауға тура келді және біз оны жасадық. Иә, біз демократияны қорғауымыз керек еді және біз мұны орындадық», – деді америкалық көшбасшы.

Байденнің айтуынша, Путин Украинаны жете бағаламады. 

“Путин демократияны әлсіз деп ойлады, алайда еркін елдердің қаһарына тап болды», – деп атап өтті Байден.

АҚШ пен оның серіктестері осы аптада Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago