Categories: Экономика

Ресей валютасы құнсызданды. Рубльден шұғыл арылу керек

Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ.

Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль. Ал биылғы дефициттері қандай болмақ? Ол үлкен сұрақ. Тіпті алдағы 2-3 жылда Ресей толық өз резервін құртып тастауы да ғажап емес.

Екінші проблема — рубль бағамы болып тұр. Ресей рубль курсын ұстау үшін юань резервтерін жағуға шешім қабылдады. Оның Орталық Банкі биржада көптен бері интервенция жасамаған еді. Ол резерві қаншаға жетеді?

Резервтер тым көп жағылса, Орталық Банк курсты еркін жібере салуға шешім қабылдауы да мүмкін. Онда рубльдің қатты құлауын көре аламыз.

Арзан рубль бізге инфляцияны түсіруге жақсы мүмкіндік береді. Бастысы, Ресейдің азық-түлікті тоқтамай өндіре бергені керек. Ал рубль — ақша сақтау үшін ең қауіпті валюта деп айтар едім. Рубль болса, соған Ресейден азық-түлік алып алған дұрыс,

дейді экономист Айбар Олжаев.

Сондықтан елдегі басы артық рубльден арылу жұмыстарын тездеткен жөн. Құнсыздаған Ресей валютасы банк баланстарына аяусыз соққы бере алады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago