Ресей өзінің эталон мұнай сортын шығарады

Ресейдің басты министрліктері, мұнай өндірушілер және Орталық банк қазан айында Ұлттық платформада мұнай саудасын бастауды жоспарлап отыр.

Ресей батыс елдерінің мұнай шикізатының әлемдік нарықта сатудан түсетін кірісін шектеу әрекеттерін теңестіру үшін өзінің эталон мұнай сортын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдің негізгі министрліктері, мұнай өндірушілер мен Орталық банк қазан айында Ұлттық платформада мұнай саудасын бастауды жоспарлап отыр. Ресей 2023 жылғы наурыз бен шілде арасында бақылау бағасын белгілеуге көмектесетін сауда көлеміне жету үшін мұнай сатып алуға шетелдік серіктестерді тартуға ниетті.

Ресейдің аты айтылмаған екі шенеунігі басылымға осындай мәліметтерді растаған көрінеді. Агенттік бұл жоспар «бастапқы сатыда» екенін хабарлайды.

Баға шегін белгілеуге тырысу

Бұған дейін Bloomberg G7 елдері Ресей мұнайына бір баррель үшін 40 доллардан 60 долларға дейінгі баға шегін қоюды талқылап жатқанын хабарлаған еді. Осылайша, «жетілік» РФ мұнай сатудан «пайда тапқызбауға» ұмтылады.

РФ үкіметі жанындағы Қаржылық университет эксперті, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры аналитигі Игорь Юшков былай деп түсіндірді: баға шегі қойылып, Ресей мұнайының бір барреліне 40 доллардан 60 долларға дейінгі баға сақталуы үшін G7 бастамасын бүкіл әлем қолдауы керек. Аналитик бұл ретте «Үлкен жетілік» қатысушыларының өзіне осы идеясына қатысты қиындық туады, Үндістан мен Қытай үшін мынадай шарттар тиімсіз екенін айтады.

Таразының бір жағында баррелі 80-90 доллар тұратын Ресей мұнайы бар, ал екінші жағынан Ресей мұнайы болмай қалып, әлем нарығында мұнай тапшылығы қаупі төнуі мүмкін. Бір баррель мұнай 150-180 доллар тұрады. Тәуекелге барып не керек? Бұған Үндістан мен Қытай қосылатынына күмәнім бар,

деді Игорь Юшков.

Ресейдің СІМ ресми өкілі Мария Захарова Батыс энергетикалық саясатта есептен байыпты жаңылыс жіберді дейді. Бұл жаңылыс кейінгі жылдары көміртек секторын жете қаржыландырмауға әкелді.

Нарыққа энергетикалық сектордағы заңсыз шектеу де кері әсер етіп жатыр. Бұған АҚШ саяси мақсаттар үшін барады,

дейді Мария Захарова.

Ол G7-нің Ресей мұнайына шектік баға қою әрекеті мұнай бағасының өсуіне әкелетінін ескертті.

Трейдерлер мұнай шыққан елді жасыру әдісін тапты

Бұған дейін Үндістандағы жеке мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) Ресейден мұнайды жеңілдікпен сатып алып, әлемдік нарыққа ресейлік отын қосылған өнімдерді шығара бастады. Сәуірде Үндістан компанияларының бірі жергілікті танкер портына жоспарланған бағытсыз шикізатты тасымалдауға және мамырда Нью-Йоркте жанармай құюға тапсырыс берді. Осылайша, мұнай шыққан елді жасыра алатын ашық емес нарық қалыптасады.

Қайда баратыны белгісіз кемелер бір айдан астам уақыт бойы сауда кезінде Ресей мұнайын белсенді қолданып келеді. Мұнайды теңізге апарады, онда олар басқа танкерлерге тиеп, басқа шыққан шикізатпен араластырады. Нарықта түркімен қоспасы немесе Латвия қоспасы деген мұнай өнімдерінің жаңа сорты пайда болды. Мамандар олардың құрамында Ресей мұнайының едәуір мөлшері бар екенін бәрі білетінін айтады. Мұнайдың төгілу қаупін азайту үшін оның көбінесе танкерден танкерге жағалауға жақын жерде, тыныш суларда айдайды.

Маусымда Ресей мұнайының экспорты күніне 250 мың баррельге 7,4 млнға дейін түсті. Бұл — 2021 жылғы тамыздан бергі рекорд көрсеткіш. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (МЭЕҰ) болжамы бойынша Ресейде мұнай өндіру 2022 жылы 0,17 млн, ал 2023 жылы 0,2 млн баррельге қысқарады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

31 минута ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

21 час ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago