Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін тоқтату талап етілді

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің (Бақтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертін тоқтату ұсынылды.

«Әділетті Ресей» партиясының ресейлік депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib-тің соғысқа қарсы мәлімдемелеріне байланысты Мәскеуде өтетін концертіне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы ол Telegram-арнасына жазды.

Ресейлік рэпер әрі журналист Аким Апачев та ВКонтакте желісіндегі парақшасында Jah Khalib-тің концерттерін тоқтатуға шақырды.

Биыл Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің екі концерті жоспарланған. Бұларың не? Мүмкін Кремльде Зеленскийдің концертін ұйымдастырарсыздар? Елімізді жамандайтындардың бәрін айдау керек. Жау — жау болып қалады, ол Мәскеудегі концерт үшін одақтас болып кетпейді,

деп жазды ол.

Jah Khalib 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетеді деп күтіледі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago