Оқиға

Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарып, екі адам қаза болды

Бүгін, 7 желтоқсанда Ресейдің Брянск қаласында орналасқан мектепте атыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Күдікті 8-сынып оқушысы екені анықталды.

РИА Новости төтенше жағдайлар қызметі өкілінің сөзіне сүйеніп таратқан ақпараты бойынша, атыс Брянск қаласындағы №5 гимназия мектебінде болған.

Агенттік мәліметінше, оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары білім беру мекемесін қоршауға алған. Шабуыл жасаған күдікті әкесінің мылтығын мектепке алып келген.

8-сынып оқушысы гимназияға әкесінің қаруын әкеліп, бірнеше рет оқ атқан,

деп жазады агенттік спикер сөзіне сілтеме жасап.

Атыс аяқталғаннан кейін барлық оқушы ғимараттан эвакуацияланған.

Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланған.

Бүгін сағат 09:15-те қалалық диспетчерлік қызметке Бежиц ауданына қарасты №5 гимназияда төтенше жағдай болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 8-сынып оқушысы мектепке қару әкеліп, оқ жаудырған. Салдарынан бес адам зардап шеккен, екеуі қаза тапқан, көз жұмғандардың бірі – марқұм қыздың өзі болуы мүмкін,

деп жазады агенттік қала әкімдігіне сілтеме жасап.

SHOT Telegram-арнасы мәліметіне сүйенсек, атысты естіген мектеп оқушылары мұғалімдердің үйретуінше бірден оқу сыныптарында, киім ауыстыратын бөлмелер мен дәретханаларда жасырынып, есікке тосқауыл қойған.

Брянск қаласында 8-сынып оқушысы сабақ үстінде сыныптастарына оқ жаудырды. Қыз мектепке әкесінің қаруын әкелген. Ол дәл сабақ басталған кезде кабинетке кірген,

деп жазады басылым.

Ресей Федерациясы ІІМ Telegram арнасы дерегінше, күдікті өз-өзіне қол жұмсаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі гимназия мекемесіне атыс қаруын әкеліп, бірнеше рет оқ атқан, салдарынан үш адам жарақат алды. (…) Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда,

делінген ведомство хабарламасында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

20 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago