Categories: Саясат

Ресейде тағы да «Солтүстік Қазақстанды қайтару» туралы сұхбат жарияланды

Бұл жолы арандату мәлімдемесін Ресейдің пропагандист журналисі Дмитрий Стешин «Комсомольская правда» радиосының тікелей эфирінде айтқан.

Ресейдегі пропаганда жасайтын басылымдардың бірі «Комсомольская правда» радиосының журналисі Дмитрий Стешин тікелей эфирде Қазақстанға қатысты, соның ішінде, Солтүстік Қазақстан туралы мәлімдеме жасады, Ол тікелей эфирдегі сұхбатта «Мәскеу Қазақстанның солтүстігін қайтарып алуы тиіс» деген мағынадағы арандатуға жол берген. Сұхбаттың үзіндісі  «Сеятель ветра» телеграм-арнасында жарияланған.

Қазақстанда ірі облыстарды орыс тілді халық мекендейді. Сондықтан бұл жерлерге біздің тарихи құқығымыз бар. Ол қалаларды біздің ата-бабаларымыз салған. 1991 жылы неге сүйене отырып сол қалаларды сыйлай салдық,

дейді пропагандашы журналист.

Дмитрий Стешин «Қазақстанның солтүстігіндегі облыстар Ресейге тиесілі және Ресей оны басып алуға құқылы» деген пікірде.

Айта кетейік, Ресейдің кейбір лауазымды тұлғалары бұған дейін де Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікірлерін ашық айтқан. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнада «Қазақстанның территориясы — Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деп айтқан болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, ресейлік дипломатқа ҚР СІМ нота жіберген болатын.

Сонымен қатар бұрынғы Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік депутаттың айтқаны қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды деп, еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты осындай айыптаулар мен арандатушылық мәлімдемелерге жол беруге болмайды деген еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago