Categories: Маңызды

Ресейден қашқандар мен қазақ экономикасы

Қазақстанға келген ресейліктерден экономикалық жағымды эффект бола ма? Өкінішке орай, ешқандай жағымды әсері болмайды. Себебі рубль — доллар/евро емес, ал қашқындар — турист емес, деп жазыпты Айбар Олжаев өзінің Facebook парақшасында.

Қазақстанда жинақталған рубль көлемі БЦК төрағасы Ғалым Құсайыновтың есебінше, осы маусым айында 50 миллиард рубльге жеткен. Және бұл ақша Ресейден басқа жерде конвертацияланбайтындықтан, ал оны Ресей құнды қағаздарына біздің банктер сала алмайтындықтан (санкция ұшып келеді) ол жұмыс істемейтін ресурс болып қалды. Мобилизация толқынымен келген ресейліктер, менің шамалауымша банкнотамен кем дегенде тағы 5 миллиард рубль ала келді.

24 ақпаннан бері, қолма-қол рубльді банкке салып, оны аудару операцияларынан своп комиссиясы 15-20% құрағандықтан, біздің банктер айына кем дегенде 4 миллиард теңге жоғалтып келді. Кейіннен олар рубль салымын қабылдау үшін комиссия енгізді де, шығындарын азайтты. Бірақ не болса да, артық жүк ретінде жатқан рубль массасынан қаржы жүйесіне де, экономикаға да қауіп бар.

Қаржы жүйесі — егер рубль бір демде құнсызданып кетсе, орасан зор шығынға ұшырамақ. Баланстағы қайта бағалау банктер есептілігіндегі жағдайды нашарлатады және оларға қосымша провизия жасақтауға тура келеді.

Экономикаға келген қауіп анағұрлым масштабты болып тұр. Ресей қант пен бидай экспортын шектегенде, біздің оған деген импорттық тәуелдігіміз 40-тан 38%-ға дейін түскен болатын. Және импортты әртараптандыру үшін Индия сынды жаңа импортеріміздің үлесі арта бастаған еді. Бірақ елде рубльдің көп болуы бізді импорт жағынан Ресейге қайтадан байлап тастайтын болады. Бұл — Ресей экономикасы жедел құласа, біздегі біраз сектор да құлайды деген сөз. Және рубль каналы арқылы Ресейдегі инфляция, девальвация сынды болуы өте ықтимал жағымсыз құбылыстар да бізге импортталмақ.

Не істеу керек?

Дәл қазір бізде валютаны сыртқа әкетуге шектеу бар. Бір реттік рұқсат тек 31 тамызға дейін жұмыс істеді. Доллардың елден кетуіне тосқауыл қою керек, онымен келісеміз. Бірақ осы валюталар құрамынан рубльді алып тастаған дұрыс. Қазақстаннан рубль барынша кете бастаса, валютааралық дисбаланстардан құтыла аламыз. Және қаржы нарығындағы құнсыздану тәуекелі азаяды,

деп түйіндепті.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago