Categories: Саясат

Ресейдің ақыры. Путиннің билігі таусылып барады

Путин билігінен айырылады. Жалғыз ғана сауал, қашан айырылатынында.

Путин өте қиын жағдайда, оның ендігі кез-келген әрекеті тек билігінің азая түсуіне әкеледі. Өйткені Ресейдегі билік – институт емес, заңда не конституцияда жазылған нәрсе емес. Билік деген – адамдар арасындағы қарым-қатынас. Халықтың билеушіге өз еркімен бағынуы.

Қазір халықтың оған бағынайын деген қалауы қатты азайып жатыр.

Путиннің мемлекетін құрайтын, сол мемлекетті басқаратын адамдар қазір Путиннің соғысына қарап, жағасын ұстап отыр. Путин олардың қолындағы билікті қатерге тікті. Бұлардың қолындағы мүлікке қауіп төндірді, бүкіл өмірін өзгертіп жіберді. Шенді-шекпенділерге өздері аман қалуы үшін енді өз көсемін жабылып талап өлтіруден басқа жол қалмады. Адам тұрмақ, жануар да шегінетін жері қалмағанда жауына өзі шабады. Сол себепті Путин елдің бәрінен оқшауланып, жанына ешкімді жолатпауға тырысып жүр.

– Путин Украинадағы соғысты аяқтай алмайды. Өйтсе, бұл оның оңбай жеңілгені. 91-ші жылғы шекараға қайта оралу, Қырым, Донбасстарынан айырылуға Путин көнбейді. Ол соғысты жалғастыруға мәжбүр, – дейді ресейлік тарихшы Дмитрий Чернышевский.

Бірақ бұл соғыс Ресей қоғамының ішінде дағдарыс тудырып жатыр.

– Пригожиннің ЧВК-сы үлкен күш пен ықпалға ие болып, одан Путиннің өзі қорқатын болды. Сасқанынан тағы сондай басқа да жекеменшік армиялар құруға рұқсат берді. Сөйткен сайын ол өз қолындағы билігінен кесек-кесегімен айырылып жатыр. Ресей мемлекетін жекеменшік армиялар талан-таражға салуда, мұндай нәрсе Ресей тарихында ешқашан болмаған. Бірақ Қытайда болған, Хань династиясы құлаған кезде. Сол кезде Қытайда үш патша пайда болып, ақыры Цао Цао деген қолбасшы қанды жолмен жаңа Қытай империясын құрған. Екі мың жыл бұрын Қытайда болған нәрсе Ресейде қазір болып жатыр. 21 ғасырда, ядролық державада. Путиннен кейін билікке келетін адамның ең бірінші бұйрығы Пригожин сияқты жеке армия ұстайтындары өлтіру туралы болады. Ендеше Пригожин де, Шойгу да ертең өзін қорғауға дайындалуда. Шойгудың байлығына есеп жетпейді, ол Абрамовичтен де бай адам. Ресейдегі олигархтар мен армиялардың өзара қырқысы түбі Ресей мемлекетінің ыдырауымен тынады, – деген екен тарихшы.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago