Categories: Саясат

Ресейдің Орталық Азиядағы «жұмсақ күші»

Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы ықпалы туралы сөз болғанда, ең алдымен, бұл елдің аймақта ықпалын орнатуға ұмтылған басқа геосаяси ойыншыларға қарағанда белгілі бір артықшылығы бар екенін есте ұстаған жөн.

Біріншіден, Орталық Азия оның қол астында XIX ғасырдың ортасынан бастап 1991 жылы КСРО ыдырағанға дейін болды, сәйкесінше, Орталық Азияның барлық бес мемлекетінде азаматтардың көбі белгілі бір дәрежеде орыс тілін біледі және орыс мәдениетімен таныс. Яғни, бұл елдерге Ресейдің бейресми «қатысы» бар екенін білдіреді.

Екіншіден, Орталық Азияда бірнеше миллион этникалық орыстар тұрады.

Үшіншіден, қазірге дейін аймақ көптеген иммигранттар елдерінен (әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) Ресей Федерациясына жұмыс іздеуге аттанып отырды. Олардың өз отбасыларына жіберген ақша аударымдарының жалпы сомасы 2018 жылы шамамен 10,5 миллиард АҚШ долларын құрады.

Төртіншіден, ресейлік теледидар арналары барлық жергілікті кабельдік теледидар операторларының пакеттеріне кіреді, ресейлік радиостанциялар да, әлеуметтік желілер де (ВКонтакте және Одноклассники) танымал, демек, олардың көмегімен Ресей аймаққа түрліше әсер ете алады.

Ресей Федерациясының ақпараттық ықпал етудегі белсенділігі көбінесе АҚШ әскерилері мен одақтастарының Ауғанстаннан шығарылуымен және олардың осы елдегі миссиясының сәтсіздігімен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының позициясын нығайтуға деген құлшынысына алаңдаушылықпен байланысты.

Дәл сол себепті Кремльдің Орталық Азияға қатысты саясаты қазіргі уақытта басымдықтардың өзгеруімен сипатталады — аймаққа өз ықпалын барынша нығайтуға ұмтылатын жаһандық делдалдың рөлі екінші жоспар болып қалды. Біріншісі — таңдаулы мемлекеттерді қолдау.

Яғни, тікелей Ресей үшін әр елдің өзіндік «құндылық иерархиясы» құрылып жатыр. Қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгершілік контингентін (оның негізін ресейлік бөлімшелер құрады) Қазақстанға енгізу туралы өтінішіне Мәскеудің жедел жауап беруі осыны айқын көрсетеді.

Жалпы, ставка әсер етудің барынша мақсатты және нүктелік құралдарына қойылды. РФ оларды қолдана отырып, қатысушысы аз да болса одақтастарды әскери альянстарға және экономикалық ұйымдарға терең интеграциялауды дамытып жатыр. Бұл өзі анықтап алған «жақын шеңбердегі» мемлекеттердің айналасы қолдау мен сауда преференциясына жауап ретінде Ресейге саяси жылы шырай танытуы үшін де жасалып отыр. Бұл «шеңберге» кімдер кіреді? Әрине, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан.

Оған қоса, РФ-ның Орталық Азиядағы позициялары бір жерлерде нашарласа да, ол бұрынғысынша өңірдің қауіпсіздігі саласында маңызды рөл атқарады.

Тіпті Қытайдың өзі, кейбір мәліметтер бойынша, Тәжікстанда базаға ие болғанымен, ол Орталық Азиядағы әскери қатынас тұрғысынан әзірше Ресеймен бәсекелесе алмайды. Тәжікстандағы 201-база, Қырғызстандағы Кант әуе базасы және Қазақстандағы жеті ірі нысан РФ-ның аймақтағы әскери үстемдігін қамтамасыз етеді. Бұдан өзге, Ресей қару-жарақтың жетекші жеткізуші болған және болып қала береді. Осылайша, жоғарыда айтылғандардың бәріне сүйене отырып, мынадай біржақты қорытынды жасауға болады: ықпал ету ресурсы ретінде саналатын «жұмсақ күш» Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы сыртқы саясатының басымдығы болып қала береді. Ресейдің толықтай халықаралық оқшаулануына әкелген геосаяси тұрақсыздық жағдайында Мәскеу үшін бұл өте маңызды.

GN

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago