Categories: Оқиға

Ресейдің әскери институтында қазақстандық курсант қаза тапты

19 ақпан күні кешке Ф.Э.Дзержинский атындағы Ұлттық ұлан әскерлерінің Саратов Әскери Қызыл Ту институтында Қазақстаннан барған 19 жастағы курсант өлі күйінде табылды. Бұл туралы Саратовтың бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді.

Қайғылы жағдай сағат 19:00-де болған. Жігіттің денесі оқ жарақатымен табылған. Оған дейін, сағат 18:00 шамасында, жас жігіт Калашников автоматымен кезекшілікке келген. Біраз уақыттан кейін солдаттар қару-жарақты сақтау бөлмесінің алдында тараған, содан кейін курсанттар мылтықтарды тапсырулары керек болған.

Алайда курсанттардың бірі кептіру бөлмесіне кіріп, сол жерде қарудан атылған оқтың дауысы шыққан. Қайғылы жағдай абайсызда болған болуы мүмкін.

Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланып жатыр,

деп түсіндірді «Саратов 24» телеарнасының тілшісіне Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago