Categories: Қоғам

Ресейлік «пикаперге» Қазақстанға келуге тыйым салынды

Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Кирилловтың 19-27 қараша аралығында Алматыда жоспарланған қыздарды арбау техникасы бойынша тренингі өтпейтін болды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа порталы хабарлады. «Пикап шеберіне» Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынды.

«Алматы қаласының полиция Департаменті, қабылданған шаралармен РФ-ның азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынғанын хабарлайды», — делінген жазбада.

Сондай-ақ, полиция департаменті қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабектің әлеуметтік желілердегі жазбасының ізімен осындай шешім қабылданғанын алға тартқан.

Бұған дейін Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бұл мәселені қолға алу керектігін айтып, жігіттерге шұғыл бейнеүндеу жолдаған болатын.

Қазақ қыздарын жауапсыз төсек қарым-қатынасына үйретіп, ар-ұятын қалай оңай таптауға болатынын көрсетуге келе жатыр екен. Бүлік салып, қымбатты қыздарымыздың ар-ұятын аяққа таптауға келе жатқан адамға барынша қарсы тұрып, оның жолын кесуіміз керек,

дейді видеода Мұхамеджан Тазабек.

Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды…

Ішіп-жеген, жатып-тұрған хайуаннан қандай айырмашылығымыз бар?!

Біздің бүкіл энергиямыз бен мінезіміз өзара қырқысқанда ғана керек сияқты…

Бірі-бірімізге тісіміз пышақтай, қолымыз қанжардай…

Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз…

Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!, — деп үндеу тастаған Тазабек.

Айта кету керек, Мұхамеджан Тазабекке дейін де бір топ белсенді «пикап шеберінің» Қазақстанға келуін «сайлауалды арандату» деп бағалап, тренингтердің өтуіне тыйым салуды ұсынған.

Алекс Лесли өз тренингі жайлы видео жариялап, мұны өзіндік «мобилизация» деп атапты.

Украинада мобилизация жүріп жатқанда, біз Қазақстанға барамыз. Өте қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің мобилизациямызды жарияладық,

дейді ол.

Ал әлеуметтік желідегі жазбасында тренингке билетті алғашқылардың бірі болып алғандарға үлкен жеңілдік ұсынылатыны жазылған.

Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы. Бүкіл пикапшылар тобы Алматыға барады!

делінген Леслидің парақшасында.

Әлеуметтік желілердегі мұндай шақыруға қазақстандықтар жайбарақат қарай алмады. Келесі пікірлерді Алекс Леслидің Instagram парақшасынан табуға болады:

Қазақ қыздары туралы тағы да осындай сөз айтсаң, келесіде сөйлей алмай қаласың!

Біз сені Қазақстанда күтеміз, сөздерін үшін жауап бересің!!!

Жалпы, Қазақстанды ұмытыңыз!

Алекс Лесли немесе Александр Куриллов – қыздарды арбау техникасын үйрететін бірнеше кітаптың авторы. Алекс Лесли бірнеше рет мұндай жанжалды басынан өткерген. 2019 жылы ол беларусь қызы Настя Рыбкамен бірге Таиландтағы сотқа дейінгі түрмеде тоғыз айын өткізді. Олар сол кезде заңсыз семинар өткізді деп айыпталып, 18 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Нәтижесінде олар тек тоғыз ай жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

ВВС мәліметінше, Ресейге келген соң Алекс Леслидің үстінен “жезөкшелікпен шұғылдануға еліктіру” бабымен іс қозғалған. Ал қол астындағылар желідегі парақшасына атқарылған жұмыстың “есебін жүктеп отырған”.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago