8 наурыз күні түнде Тбилисидің орталығында жағдай ушықты, онда екінші күн қатарынан Грузия парламенті бірінші оқылымда мақұлдаған «шетелдік агенттер» туралы заңға қарсы жаппай наразылық акциясы жалғасуда.
Мыңдаған адам бірнеше сағат бойы өзін қалыпты ұстағанымен, жағдай түн ортасына қарай ушығып кетті, жиналғандардың бір бөлігі парламент ғимаратын қоршай бастады.
Әлеуметтік желілерде наразылық білдірушілердің парламент ғимаратының терезесін сындыруға тырысып жатқанын, полиция мен арнайы күштердің су атқыштарды, жарық-шу гранаталарын және көзден жас ағызатын газды қолданғанын көрсеткен бейнекадрлар пайда болды. Грузия билігі наразылық зорлық-зомбылық сипатына ие болды деп мәлімдеді.
Осыдан кейін арнайы күштер наразылық білдірушілерді парламент алаңынан және оған іргелес көшелерден ығыстыра бастады. Куәгерлер астананың орталығында арнайы күштер мен полицейлердің қарасы көп екенін хабарлады.
Түн ортасы ауған шақта арнайы күштер Руставели даңғылындағы акцияны таратып, парламентке қарама-қарсы аумақты толығымен жапты.
Грузиндік БАҚ хабарлағандай, куәгерлердің айтуынша, акцияға қатысушылар арасында газ, түтін және сығылысудан зардап шеккендер көп. Сондай-ақ көптеген адамдар қамауға алынған.
Наразылықтың бірінші күні акцияға қатысушылар парламенттің іс-әрекетіне жауап ретінде парламенттің жанына өздігінен жиналса, екінші күні акцияға бірнеше ұйымдасқан топтар шықты, оның ішінде Бірінші Республика алаңында шеру ұйымдастырған Әйелдер маршына қатысушылар. Сондай-ақ студенттер «Ресей заңына қарсымыз» деген ұранмен бір топ болып қатысты.
Наразылық акциясына қатысушылар заң жобасын парламенттен қайтарып алуды және бір күн бұрын ұсталғандарды босатуды талап етті.
«Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» деп аталатын заң жобасы қызметі шетелден қаржыландырылатын кез келген ұйымды ресми түрде «шетелдік агенттер» ретінде есепке тұруға міндеттейді – тіпті «агенттердің» шетелдік түсімдері олардың бюджетінің бестен бір бөлігін ғана құраса да.
Қандай да бір себептермен мұны жасамайтындарға үлкен айыппұлдар салынады.
Елдегі биліктегі «Грузин арманы» партиясы заң жобасы Ұлы депрессия кезіндегі америкалық заңнама үлгісінде жазылған деп мәлімдейді.
Заңды сынаушылар, соның ішінде Грузия президенті Саломе Зурабишвили, оны Кремль елде келіспеушіліктің кез келген түрін басу үшін белсенді қолданатын ресейлік баламамен салыстырады.
Олардың пікірінше, заңның қабылдануы Грузияны авторитаризм бағытына итермелейді және елдің Еуропамен тығыз байланыс орнату үмітінен алшақтатады.
Оппозициялық партиялардың басшылары «Грузин арманы» партиясы Кремльмен тым жақын және соңғы жылдары елді авторитаризмге бағыттап жүр дейді.
Ал грузин қоғамы Мәскеуге теріс көзқараста – Украинаға басып кіргені үшін ғана емес, сонымен бірге Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты көпжылдық қақтығыс үшін.
«Грузин арманының» басшысы Ираклий Кобахидзе сәрсенбіде заң жобасын қорғап, оны қабылдау елді мемлекет пен грузин православие шіркеуінің мүдделеріне қарсы жұмыс істейтін адамдардан құтқарады деп мәлімдеді.
Грузин бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Грузияның «радикалды оппозициясын» заң жобасына наразы адамдарды алдыңғы митингілер кезінде «бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылық» жасауға итермеледі деп айыптады.
Сонымен қатар, Грузияның үкіметтік емес ұйымдары ел үкіметімен ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді. Олар өз мәлімдемесінде Ресей заңын парламентте талқылауды ұлттық масқара, барлық азаматтарды қорлау және Конституцияға қарсы қадам деп атады.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили сәрсенбіде өткен наразылықтардан кейін: «Билік олардың қоғаммен алшақтықты азайтуға соңғы мүмкіндігі бар екенін түсінуі керек. Олардың ресейшіл күш емес екенін көрсетудің соңғы мүмкіндігі бар» деп мәлімдеді.
Наразылықтар басталғаннан бері алғаш рет Грузин православие шіркеуі де мәлімдеме жасады. МПО патриархиясының мәлімдемесінде көршілес күрделі жағдайға байланысты (бұл Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан соғысын білдіреді), елдің бейбіт бағыты мен тәуелсіздігін сақтау басымдық болып табылады және барлық радикалды мәлімдемелер, олар қай жағынан таралса да, шіркеу бейбітшілікті бұзу әрекеті деп санайтынын айтқан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…