Categories: Экономика

Ресейліктер Қазақстан банктеріне 1 трлн теңгеден астам ақша әкелді

2022 жылы ресейліктердің Қазақстан банктеріндегі салымдары алты еседен астам өсті, деп хабарлайды LS.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі LS-ке 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі ресейліктердің салымдары 981 млрд теңгеге артқаны туралы айрықша хабарлады. Бұл 2022 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіштен шамамен 6,5 есе көп. Ол кезде салымдар көлемі 151 млрд теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қаңтарға Ресей Федерациясы резиденттерінің қазақстандық банктердегі салымдары мен ағымдағы шоттарындағы ақша қалдықтарының сомасы 1,13 трлн теңгені құрайды,

деп атап өтті агенттікте.

Сонымен қатар, ресейлік клиенттердің саны 1,8 есе немесе 283 330 адамға өсті. Қазақстан қаржы институттарында барлығы 440 599 Ресей азаматына қызмет көрсетіледі.

Салымдардың ең көп көлемі жеке тұлғаларға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

Бұл көрсеткіш 146 млрд теңгеден 1,08 трлн теңгеге дейін өсті (өсім – 940 млрд теңге немесе 646%), ал клиенттер саны – 156 476-дан 439 554-ке дейін (өсім – 283 078 клиент немесе 181%),

деп нақтылады агенттікте.

Заңды тұлғаларға келетін болсақ, салымдар мен ағымдағы шоттар бойынша қалдықтар көлемі 5 млрд теңгеден 46 млрд теңгеге, ал клиенттер саны 793-тен 1 045 теңгеге дейін өзгерді.

Ұлттық банктің деректері бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға қазақстандық банктерде 19,8 трлн теңге сақталады. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 13,3 трлн теңгені, ал заңды тұлғалардың салымдары 6,5 трлн теңгені құрайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

10 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago