Саясат

Ресейліктер Байқоңырдан кетіп жатыр

Ғарыш айлағы жабылса, көп өтпей қаланың жүрек қағысы тоқтайды.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Байқоңырдағы Ресей азаматтары ат-көлігін сайлап, буынып-түйініп отыр. Қазақстанмен келісімшарт 2050 жылға дейін күшінде, десе де, ғарыш айлағындағы Ресейдің белсенділігі біртіндеп бәсеңдеп келеді.

Зымыран ұшыру кешендері сирек қолданылып, алда не болады деген сұрақ көбейген. Қала көптеген қиындықтарға тап болуда.

Роскосмос рейстерін Ресейдің қиыр шығысында жаңадан салынған «Восточный» космодромына ауыстырмақ. Америка да космодромдағы ғарыштық бағдарламасын тәмәмдаған. Бұған Роскосмостың монополиясына қарсы тұратын SpaceX-тің бәсекелестігі және қосылған. Америкалық компания халықаралық ғарыш станциясына арзан және сенімді зымыран ұшыру қызметін ұсынып отыр.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс та мәселені ушықтырып, Батыспен қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде шиеленісті.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай қақтығыс басталғалы Ресей экипаж мүшелерінің семьясынан басқа батыстық қонақтарды Байқоңырға кіргізбеген.

Кремльді шырмап тастаған санкциялар ғарыш айлағындағы Қазақстанмен бірлескен бірнеше жобаға да кедергі келтіруде.

Ресей халықаралық ғарыш станциясына ресейлік және шетелдік экипаждарды жіберу үшін ғарыш айлағын пайдалануды жалғастыруда.

Бірақ Байқоңырдағы ресейліктер бір кездері тіршілігі қайнаған қаладан қоныс аударуды ойластыру үстінде. Оған ескірген инфрақұрылым мен шектеулі экономикалық перспективалар себеп болып отыр.

Мұндағы орыстар: «Қалаға қазақтар көптеп қоныстанып, ресейліктер кетіп жатыр. Бұл жердің болашағы жоқ…» деген ұйғарымға іштей бекіп қойған.

Байқоңырда туып-өскен орыстың көпшілігі мектеп бітірген соң атажұртына, Мәскеуге, Санкт-Петербургке ағылады. Қаладағы 57 мыңға жуық халықтың 16 мыңы Ресей азаматтары.

Осындай мәселелерге тап болған Кремль Байқоңырда тұратын азаматтарын көшіруге арналған бағдарлама әзірлеген. 2021 жылдың соңында президент Путин Ресейге кеткісі келетіндерге баспана алуды жеңілдететін жарлыққа қол қойды.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, 1000-нан астам отбасы осы бағдарлама бойынша Ресейге оралуға өтініш берген. Бұл қаладағы орыс халқының айтарлықтай бөлігі.

Бағдарлама мақсаты – ресейлік азаматтардың жұмыссыз қалмауын қамтамасыз ету. Қалада өндіріс орны атымен жоқ. Роскосмос кетсе, 7,5 мың жұмыс орны жабылады,

дейді Байқоңыр қаласының әкімі Константин Бусыгин Agence France-Presse агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетсек, екі ел арасындағы келісім бойынша Ресей Қазақстаннан «Байқоңырды» 2050-ші жылға дейін жалға алған (арендасы жылына 115 млн). Бірақ санкция қыспағындағы солтүстік көршіге көнерген және мол инвестицияны талап ететін ғарыш айлағын ұстап тұру аса қымбатқа түсуде.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago