1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия Республикасы деп жариялағалы бері бұл күн жыл сайын Түркияда сән-салтанатпен. Алайда, Қазақстан бұл сценариймен жүре алмайды. «Біздің тұңғыш Президент Назарбаев Ататүріктей тарихқа кіре алмады. Өкінішті жері сол», — дейді академик, тарихшы, ғалым Алаш идеясын зерттеуші Хангелді Әбженов El.kz порталына берген сұхбатында.
«Біз ешқашан Түркияның сценарийімен жүре алмаймыз. Және ондай сценариймен жүрудің қажеттілігі де жоқ. Негізімізден, түп нұсқамыздан ажырамауымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан бұл мереке төлтума мерекемізге айналса деген арман бар менде»,
дейді академик Әбженов.
Айтуынша, Республика күнін қазақ айтатындай ақ түйенің қарны жарылған күн деп қабылдауымыз керек. Өйткені бұл күн мемлекетіміздің жаңа тұрпатта, жаңа деңгейде туған күні.
«Біздің өстіп шалқып жүргеніміз мемлекетіміздің барлығынан. Мемлекеті жоқтардың қай кезде де көңілдері пәс болады. Бізге қызыға да, қызғана да қарайды. Осы жерді сақтап қалған бабаларымызға мыңда бір рахмет. Мемлекеттің негізгі тірегі жер десек, осыншама жерді бізге мұраға қалдырды. Мемлекеттің әлеуметтік негізі халық десек, халықтың жақсы қасиеттер өте мол. Соның бәрін осы 25-ші қазанда шығарып, емен-жарқын ойнап-күліп жүрсек – одан асқан бақыт бар ма жер бетінде?
Біздің оптимизміміз, гуманизміміз, болашаққа деген сеніміміз 25-ші қазан күнгі барлық бағдарламада менмұндалап көрініп тұрса құба-құп. Қазақ оптимист халық. Қазақ гуманист халық. Қазақ болашаққа сенімі зор халық. Біз осы ұстанымдарымызбен Респулика күнін тойласақ дұрыс болады-ау»,
деген ұстанымда тарихшы.
Хангелді Әбженовтың айтуынша, Республика күнін тойлауға бір-ақ күнді бөліп, біз сараңдық таныттық. Бұл мереке 3-5 күн тойлауға лайық мереке.
«Енді бір ғана өкініш, бір ғана өтініш сондай ұлы күнді, ұлы оқиғаны бір-ақ күн той қылғанымыз жомарттығымызға сын. Неге біз бұл күнді бір-ақ күн тойлауымыз керек? Неге үш күн емес, неге бес күн емес?
Тәуелсіздік күнін де бір-ақ күн тойлайтын болып қалдық. Бұл жерде біз сараңдық таныттық. Кең ауқымда өзімізді көрсете алмай қалдық.
(…) Биыл жарайды бір күн болсын, алдағы жылдары үш күн тойлатайық, бәлкім бес күн тойлатармыз. Себебі декларация дегеніміз бұл ықылас-ниет деген сөз. Біз тоқсаныншы жылы азаттыққа, тәулсіздікке, бостандыққа деген ықылас-ниетімізді ашық айттық. Жасқанғанымыз жоқ, қорқып-үріккен емеспіз. Ештеңеден қаймықпай, тартынбай ойымызды айттық. Сол ниет-ықылас арада бір жыл өте бере нақты іске айналды. Бұлардың бірін төмен екіншісін жоғары қоймау керек. Екеуін де ұлттық мереке деп жариялау азаматтық іс болар еді. Сонда біздің өз тарихымызға деген құрметіміз, өзіміздің мемлекетімізге деген махаббатымыз басқаларға үлгі болып тұрары сөзсіз!», — дейді тарихшы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…