Жемқорлық

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары алаяқтық жасады деп айыпталды

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Оларға қатысты істі Шығыс Қазақстан облыстық қаржы мониторинг агенттігі тергеп жатыр.

ЖЭО-ның бұрынғы басшылары алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікпен айыпталды.

Тергеу барысында ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі ұрланғаны анықталды. Соның кесірінен жабдықтар тозып, бірнеше рет істен шыққан.

2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған,

деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында қабылданған шаралар мен премьер-министрдің төрағалығымен үкіметті демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етілді. Залал құны – шамамен 5,5 млрд теңге.

Тергеу талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago