Қоғам

Риддерде қазақ тілін талап еткен белсенділердің үстінен іс қозғалды

Қазақстандық белсенділер Диас Құзайыр, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың үстінен Риддер шенеуніктерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде қазақ тілі мәселесін талап етіп, мәселе көтеріп жүрген павлодарлық блогер Диас Құзайыровтың үйін полиция тінтіп, заттарын тәркілеген. Оның және екі әріптесінің үстінен Риддер әкімдігінің төрт қызметкері арыз жазған.

Белсенділер Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі «Шаңырақтың» жағдайын біліп, мәселесін көтеру үшін Риддерге барған. Олар әкімдік, мәслихат және Amanat партиясы филиалының қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлесуді талап еткен, алайда олар барлық жерде орыс тілінде жауап берген.

Белсенділердің қазақ тілінде неге олармен сөйлеспейтіні туралы сұрақтарына шенеуніктер «мемлекеттік тілді енді ғана үйрене бастадық» деп ақталмақ болған.

Менің қағидатым: егер сіз мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын болсаңыз — сіз қазақ тілін білуге міндеттісіз. Олар біздің салықтарымыздан жалақы алады, сондықтан біздің олардан талап ету құқығымыз бар,

деді Диас Құзайыр.

Риддерге сапардан бірнеше күн өткен соң Диас Құзайырдың үйіне полиция қызметкерлері келіп, тінту жүргізген. Одан ноутбук пен телефон тәркіленіп, оның қылмыстық іс бойынша айыпталушы болғанын хабарлаған.

Бұған дейін “Риддердегі жалғыз қазақ мектебі жабылды” деген ақпарат тараған еді. Мәселе – мектептің 1936 жылы салынған ғимаратта оқығандығында. Оқу-ағарту министрлігі “мектеп жабылды” деген әңгімені жоққа шығарды. Министрліктің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы Ернұр Дәуеновтың хабарлауынша, мектеп уақытша 11 мектебі ғимаратына көшкен.

Бұл ата-аналардың “Шаңырақ” мектебінің қазіргі ғимаратының аппаттық жағдайына байланысты өтініші негізінде ұйымдастырылды. Мектептің құқықтық статусы, оның штаттық бірліктері, контингенті сақталады. 2024 жылы Риддер қаласындағы “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынатын жаңа мектеп “Шаңырақ” мектебіне беріледі,

дейді Дәуенов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago