Фото: Zakon.kz
Қазіргі уақытта Риддерде 12 орыс мектебі бар.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 16 мектептің біреуі – жалғыз қазақ мектебі, ескі «Шаңырақ» мектебінің құрылысы әлі басталмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Білім ордасының оқушылары 2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап «№11 жалпы орта білім беретін мектептің» ғимаратында оқыған. «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясында 0-ден 11- сыныпқа дейін оқитын 488 оқушы бар. Олардың бәрі бір ауысымда оқиды.
Қазіргі уақытта құрылыс үшін жер учаскесі ресімделіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы рәсімдер аяқталғаннан кейін Құрылыс — монтаждау жұмыстарының мердігері айқындалады,
деп жауап берді Риддер қаласының білім бөлімінен.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4 тоқсанында басталмақ. Тапсырыс беруші – «Қазмырыш» ЖШС.
Еске салсақ, 2023 жылы мектеп оқушыларының ата-аналары білім ошағының апатты жағдайда тұрғанын айтып, дау көтерген. Содан кейін қала әкімдігі «Шаңырақ» мектебіне жөндеу жұмыстарының қажеттігіне байланысты оқушылардың басқа ғимаратқа уақытша көшірілгенін хабарлаған.
Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі Өскеменде 12 қазақ, 16 орыс мектебі болса, Риддер қаласында 12 орыс 1 ғана қазақ мектебі бар.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…