Риддердегі төтенше жағдай: Жөндеу жұмыстарына ресейлік мамандар тартылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Барлығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазір үш қазандық жұмыс істеп тұр, біреуі — жоғары қысымды. Төртінші қазандық агрегатын жөндеу аяқталды, іске қосу және реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бесінші қазандықтың жабдықтары жөнделуде,

дейді аймақ басшысы.

Белгілі болғандай, Риддер жылу электр орталығының барлық жабдықтары өте тозған. Оның иелері нысанды қауіпті жағдайға дейін жеткізген. Жылыту маусымына бірде-бір қазандық қондырғысы дайын болмай шықты.

Қазіргі таңда мамандар электр жабдығын жөндеуден бастап дәнекерлеу жұмыстарына дейін барлығын істеуде. Оларға Ресейдің Қазан қаласынан келген энергетиктер белсенді түрде көмек көрсетуде. Осылайша, жаңартылған үш жоғары қысымды қазандық қатаң ауа райы жағдайында температура режимін сақтауға мүмкіндік береді. Орталықты сатып алу немесе коммуналдық меншікке беру туралы иелеріне жүгінген. Бұл бастама ҚР Үкіметі деңгейінде мақұлданды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago