Риддердегі жылу электр станциясында тағы апат болды

Риддерде жылу электр станциясында қысымы жоғары №6 қазандық тағы істен шықты. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қарашада 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті,

деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.

Еске салайық, 5 қараша күні сағат 20:00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан  астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 минута ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

24 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago