Рим Папасы елімізге келіп, кедейлік проблемасын төтесінен қойды – Саиров

Елімізге келіп, Абайды бізге европалық қырдан ашып бергендей болды. Кедейлік проблемасын төтесінен қойды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Рим папасы Франциск туралы пікірін білдірді.

Мейірімді, кіршіксіз жан. Маған бұл тұлғаның қарапайымдылығы ұнайды. Бет-әлпетінде керемет адамсүйгіштік бар. Елімізге келіп, Абайды бізге европалық қырдан ашып бергендей болды. Кедейлік проблемасын төтесінен қойды. Әлемдегі химиялық элементтердің бәрі бар елдің халқы кедей. Рухани әлемімізді байыта отырып, өзара көмек, ықпалдастығымызды арттырудың маңызы айтылды. Қазақстан мәдениет пен адамдардың «кездесетін» орны. Бұл рухани миссия және дипломатиялық артықшылық. Плюрализм мен сан салалы пікірсайыс жасай отырып, рухани тұғырымыз, мемлекеттік бірлік тұжырымын да ұмытпау маңызды,  

деп жазды депутат өзінің фейсбук парақшасында.

Депутат рухани әлемімізді байыта отырып, өзара көмек, ықпалдастығымызды арттырудың маңызды екенін алға тартты.

Кеше Франциск біздің елімізге, қасиетті халқымызға, мәртебелі қоғамға бірлік, ынтымақ, ықпалдастыққа бағытталған батасын беріп кетті. Кезінде, соғыс кезінде, бір кездесуде Сталинге «Рим папасы келіспей жатыр» деген екен. Сонда Сталин «Рим папасының қанша дивизиясы бар?» деп қарсы сұрақ қойыпты. Бірақ, Рим Папасының мықты рухани күші бар.

Ал бүгін заман өзгерген, адамзат, әлем рухани жетіспеушілікті, жаһандық шиеленіс мәселесін бастан кешіруде. Қазір бейбітшіл, өркениеттер диалогы, өзара төзім мәселесін уағыздайтын күштер өте қажет. Сондықтан, мәртебелі тұлғаға «Рахмет, айтқаныңыз келсін, Қазақстанда бейбітшіл болып, халқымыздың бірлігі артып, әлемде келісім орнасын демекпіз,

дейді Ерлан Саиров.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

52 минуты ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago